Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі кеңейтіледі

© Sputnik / Виктор АбакумовУсть-Каменогорская ГЭС
Усть-Каменогорская ГЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жазылу
Министрлік ұсынған өзгерістер су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Атап айтқанда, тізімге Шығыс Қазақстан облысы Оба өзеніндегі су электр станциялары каскады қосылады.
Ведомство үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жариялады.
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды қажет етпейді.
"Министрлік ұсынған өзгерістер су тасқыны қаупін азайту және өңірдегі елді мекендерді қорғау үшін тасқын суды сенімді бақылауға бағытталған", - деп түсіндірді Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Құдайберген Қорғанбаев.
Сондай-ақ бұл өзгеріс азаматтар мен өнеркәсіп нысандарын сумен жабдықтауды тұрақтандыру үшін жалпы сыйымдылығы 500 млн текше метрге дейінгі қоймалар кешенін дайындауға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, оның айтуынша, 3 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабын суару және экологиялық таза электр энергиясының қосымша көлемін өндіру үшін жағдай жасалады.
Жаңалықтар
0