Үкімет референдум туралы қаулыны қабылдады

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Үкімет отырысында атом электр станциясының құрылысы бойынша референдум өткізу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаулының жобасын энергетика министрі енгізді.
“Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға бастамашылық жасау және “Республикалық референдумды өткізу туралы” Қазақстан Республикасы президенті жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы президентінің қарауына енгізу тпуралы үкімет қаулысының жобасын қарауға шығаруды ұсынамын”,- деді Сәтқалиев.
Министрлер кабинеті қаулы жобасын бірауыздан қабылдады.
Енді энергетика министрлігі құжат жобасын президент әкімшілігінің қарауына енгізеді. Айта кетері, референдумның датасы әзірше белгісіз.
Түркиядағы Аккую атом электр станциясының құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2024
АЭС құрылысы бойынша референдум күзде өтеді - Тоқаев
Жаңалықтар
0