Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Астанаға 16 елдің басшысы келді – ШЫҰ саммиті басталды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаСаммит ШОС в Астане
Саммит ШОС в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
Ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы бойынша 24 бірлескен құжатқа қойылады
АСТАНА, 4 шілде - Sputnik. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұйымға тағы бір мемлекет қабылданады

Биылғы саммит алғаш рет жаңа "ШЫҰ+" форматында ұйымдастырылып отыр. Оған сәйкес, ұйымның жоғарғы органы – ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысынан бөлек, бақылаушы және серіктес мәртебесін алған мемлекет басшыларымен кездесу өтеді.
Астанадағы саммитте Беларусь ресми түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қабылданады деп жоспарланған. Осылайша, ұйымға мүше елдердің саны 10-ға жетеді. Олар: Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан мен Беларусь. Ал "ШЫҰ+" кездесуіне Қатар, Моңғолия, БАӘ, Түрікменстан, Түркия және Әзербайжанның басшылары келді.

Самитте қабылданатын құжаттар

Отырыс барысында мемлекет басшылары сөз сөйлеп, ШЫҰ-ның бас хатшысы Чжан Мин мен ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаевтың баяндамасы тыңдалады.
Бұдан бөлек, ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин, ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев, ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш, ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлейді.
Кездесуге қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасады. Ұйымды одан әрі нығайту, саясат, қауіпсіздік, экономика, гуманитарлық байланыстар салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін қарастырады деп жоспарланып отыр.
Ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы бойынша 24 бірлескен құжатқа қойылады. Ал ең басты құжат – мемлекет басшылары кеңесінің қорытынды Астана декларациясы.
Мемлекет басшыларының үш мәлімдемесі жарияланады. Соның ішінде Қазақстанның "Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік" бастамасы да бар.
Бұған дейін Sputnik Қазақстан ШЫҰ бастамасымен қабылданған маңызды шешімдерге шолуды жариялаған болатын.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің кездесуі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ: ұйымның бастамасымен қандай маңызды шешімдер қабылданды
Жаңалықтар
0