Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ украиналық батальонға қару-жарақ жеткізуге тыйымды алып тастады

© Sputnik / Евгений Котенко / Медиабанкке өтуНовобранец батальона "Азов"
Новобранец батальона Азов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. АҚШ әкімшілігі украиналық "Азов" батальонына* қару-жарақ жеткізуге салынған тыйымды алып тастады, деп хабарлады Washington Post Мемлекеттік департаментке сілтеме жасап.

"Украинаның "Азов"* арнайы күштерінің 12-ші бригадасы Мемлекеттік департамент жүргізген Лихи заңының талаптарына сәйкестігіне тексеруден өтті", - деп хабарлады басылым Америка сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған заң адам құқықтарын өрескел бұзған шетелдік бөлімшелерге АҚШ-тың әскери көмек көрсетуіне тыйым салады.
Мемлекеттік департамент мұндай заң бұзушылықтардың дәлелдерін таппағанын айтты. Департамент өкілі тыйымның қашан жойылғанын және Азов жауынгерлерінің америкалық қару-жарақ алған-алмағанын айтудан бас тартты.
АҚШ-та Азовқа* оның идеологиясы мен қызметінің нацистік сипатына байланысты көмек көрсетуге тыйым салынған, бірақ өткен жылы Мемлекеттік департаменттегі дереккөз бұл ереженің тәжірибеде әсері жоқ екенін мойындаған. Сол кезде конгрессмен Пол Госар "Азов* жауынгерлері Украинаның қарулы күштері мен ұлттық гвардиясына кіріктірілгеннен кейін, сондай-ақ олардың қатысуымен "Кракен" арнайы жасағы немесе 3-ші жекелеген шабуылдау бригадасы құрылғаннан кейін бұл тыйым жойылды деп мәлімдеді.
* Ресейде лаңкестік ұйым деп танылған
Жаңалықтар
0