Кеурек пен қызыл мияны жұлуға тыйым салынды

© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіКеуректі жұлуға тыйым салынды
Кеуректі жұлуға тыйым салынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2024
Жазылу
Табиғи популяциясы қалпына келу үшін қызыл мияны 5 жыл, ал кеуректі 8 жыл бойы жұлуға болмайды
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында кеурек пен қызыл мияны жұлуға тыйым салынды. Бұл туралы брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев мәлімдеді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіҚызыл мияны жұлуға тыйым салынды
Кеурек пен қызыл мияны жұлуға тыйым салынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2024
Қызыл мияны жұлуға тыйым салынды
Оның айтуынша, былтыр "Өсімдіктер дүниесі туралы" заң қабылданып, күшіне енген.
"Түркістан облысы аумағында өсетін емдік қасиеттері бар кеурек пен қызыл мия өсімдіктерін заңсыз теру және шет елдерге шығару фактілері жиіледі. Осы ретте аталған өсімдіктерді пайдалану құқығын шектеу туралы шешім қабылданды", – деді Қайрат Амангелдіұлы.
Нәтижесінде табиғи популяциясы қалпына келу үшін қызыл мияны 5 жыл, ал кеуректі 8 жыл бойы жұлуға тыйым салынды. Енді оларды заңсыз қазғандарға шара көріледі.
Айта кетері, Түркістан облысының орман қоры жерлерінде биыл жыл соңына дейін 27 500 гектар жерге 43 149 дана, 2025 жылы 31 610 гектар жерге 52 079 мың дана тал отырғызу жоспарланған.
Сондай-ақ, облыстағы 852 елді мекенді көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Сонымен қатар спикер 2024 жылы орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі қағидасының талаптарын сақтамаған 18 жеке тұлғаға жалпы көлемі 350,7 мың теңге айыппұл салынғандығын айтты.
Жаңалықтар
0