https://sputnik.kz/20240514/ukimet-basshysy-su-tasqynynan-zardap-shekken-onirlerde-bagalau-zhumystaryn-kusheytudi-tapsyrdy-44255334.html
Үкімет басшысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде бағалау жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Үкімет басшысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде бағалау жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Премьер-министр су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бұл туралы үкіметтің... 14.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-14T11:43+0500
2024-05-14T11:43+0500
2024-05-14T11:43+0500
су тасқыны
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695618_0:38:1280:758_1920x0_80_0_0_d8a952a83dbead94368c1182298bc55f.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Премьер-министр су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.Премьер-министрдің айтуынша, эвакуациялық бекеттер кез келген уақытта адамдарды қабылдауға дайын болуға тиіс."Күштер мен құралдар да сақадай сай тұруы керек. Су ресурстары министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін", — деп тапсырды Олжас Бектенов Үкімет отырысында.Сонымен қатар премьер-министр Ақтөбе облысында 2 елді мекенде әлі күнге дейін көлік қатынасы жоқ екенін айтты. Сол себепті мұнда азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің болуын мұқият бақылауға алуды, электр жарығынсыз отырған ауылдарда жөндеу жұмыстарын тездетуді тапсырды.Премьер-министр су тасқыны жағдайы тұрақталған өңірлерде әкімдіктер бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Келтірілген залалды өтеу, оның ішінде үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі барлық шаралар белгіленген мерзімде іске асырылуы қажет екенін айтты."Біз зардап шеккен тұрғындардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек", — деді Олжас Бектенов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695618_110:0:1170:795_1920x0_80_0_0_a1530aa0a10e69859ab367b8daa5a638.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, үкімет
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Премьер-министр су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
"Атырау облысында елді-мекендерді су басып қалу қаупі сақталып отыр. Сондықтан тиісті құрылымдар тасқынға қарсы жұмыстарды жалғастыруы қажет. Әсіресе, Индербор және Махамбет елді-мекендеріндегі жағдайды ерекше бақылауға алу керек. Онда Жайық өзені қауіпті деңгейден асып кетті", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Премьер-министрдің айтуынша, эвакуациялық бекеттер кез келген уақытта адамдарды қабылдауға дайын болуға тиіс.
"Күштер мен құралдар да сақадай сай тұруы керек. Су ресурстары министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін", — деп тапсырды Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Сонымен қатар премьер-министр Ақтөбе облысында 2 елді мекенде әлі күнге дейін көлік қатынасы жоқ екенін айтты. Сол себепті мұнда азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің болуын мұқият бақылауға алуды, электр жарығынсыз отырған ауылдарда жөндеу жұмыстарын тездетуді тапсырды.
Премьер-министр су тасқыны жағдайы тұрақталған өңірлерде әкімдіктер бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Келтірілген залалды өтеу, оның ішінде үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі барлық шаралар белгіленген мерзімде іске асырылуы қажет екенін айтты.
"Біз зардап шеккен тұрғындардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек", — деді Олжас Бектенов.