https://sputnik.kz/20240207/zhenildikpen-beriletin-kreditter-qarzhysy-artady-42126165.html
Жеңілдікпен берілетін кредиттер қаржысы артады
Жеңілдікпен берілетін кредиттер қаржысы артады
Sputnik Қазақстан
Көктемгі егіс науқанына және күзгі жиын-терінге жеңілдікпен берілетін несиені 1,5 триллион теңгеге дейін арттыру керек 07.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-07T12:38+0500
2024-02-07T12:38+0500
2024-02-07T12:38+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385622_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_86e37fa582ba412185511fc3661f131d.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында жеңілдетілген кредиттерге бөлінетін қаржыны арттыруға тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президент ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржыны барынша, тіпті, мүмкіндік болса, екі есе арттыру қажет деп санайды. Оған бюджеттен ғана емес, басқа да қаржы көздерінен, соның ішінде екінші деңгейдегі банктерден қаражат тартқан жөн.Оның айтуынша, осы шаралардың арқасында жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасының 10 пайызы жаңарып отырады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 2 есе арттыруға жол ашады.Минералды тыңайтқыш себуді ғылыми негізі бар қажеттіліктің тым болмағанда жартысына жеткізуге де мүмкіндік береді."Бір гектар жерден 10 центнер өнім алу – еліміз үшін мақтанатын көрсеткіш емес. Демек, Қазақстандағы кәсіпорындарда сапалы тыңайтқыштар өндірілгенімен, агрохимия саласында мүлде жұмыс істелмейді", - деп түйіндеді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385622_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_fdbb1cfdafea23f8b79c1ecc0b5e1134.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Жеңілдікпен берілетін кредиттер қаржысы артады
Көктемгі егіс науқанына және күзгі жиын-терінге жеңілдікпен берілетін несиені 1,5 триллион теңгеге дейін арттыру керек
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында жеңілдетілген кредиттерге бөлінетін қаржыны арттыруға тапсырма берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржыны барынша, тіпті, мүмкіндік болса, екі есе арттыру қажет деп санайды. Оған бюджеттен ғана емес, басқа да қаржы көздерінен, соның ішінде екінші деңгейдегі банктерден қаражат тартқан жөн.
"Көктемгі егіс науқанына және күзгі жиын-терінге жеңілдікпен берілетін несиені 1,5 триллион теңгеге дейін арттыру керек. Ал инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдетілген несиені 800 миллиард теңгеге жеткізу қажет. Жеңілдікпен лизинг беруге жыл сайын кемінде 450 миллиард теңге бөлінуге тиіс", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, осы шаралардың арқасында жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасының 10 пайызы жаңарып отырады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 2 есе арттыруға жол ашады.
Минералды тыңайтқыш себуді ғылыми негізі бар қажеттіліктің тым болмағанда жартысына жеткізуге де мүмкіндік береді.
"Бір гектар жерден 10 центнер өнім алу – еліміз үшін мақтанатын көрсеткіш емес. Демек, Қазақстандағы кәсіпорындарда сапалы тыңайтқыштар өндірілгенімен, агрохимия саласында мүлде жұмыс істелмейді", - деп түйіндеді Тоқаев.