Тоқаев ресми сапармен Италияға барды

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев ресми сапармен Италияға барды
Тоқаев ресми сапармен Италияға барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2024
Жазылу
Тоқаевты күтіп алу кезінде құрмет қарауылы сап түзеп тұрды
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан президентін Рим әуежайынан Италияның қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев ресми сапармен Италияға барды
Тоқаев ресми сапармен Италияға барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2024
Тоқаев ресми сапармен Италияға барды
Белгіді болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар президент "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Қазақстан президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим папасы Францискпен кездеспек.
Айта кетейік,бұл – Тоқаевтың шет елдерге шыққан биылғы алғашқы сапары.
Жаңалықтар
0