Алматының Алатау ауданында жаңа демалыс аймағы пайда болды

© Sputnik/Ертай СарбасовНовый год в Алматы - 2024
Новый год в Алматы - 2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
Алатау ауданының тұрғындары Алматы әкімі Ерболат Досаевқа бос тұрған жерді абаттандыру туралы өтінішпен жүгінген еді
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Қарасу шағын ауданында тұрғындардың бос уақыты мен белсенді демалысы үшін 5 футбол алаңының көлеміндей аумақ пайда болды.
Алатау ауданының тұрғындары Алматы әкімі Ерболат Досаевқа бос тұрған жерді абаттандыру туралы өтінішпен жүгінген еді.
"36,5 мың шаршы метр аумаққа кеспе тастар мен асфальт төселді, 79 жарықтандыру құрылғысы, 32 орындық және 20 тас урна орнатылды. Көгалдандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді – 1251 ағаш, оның ішінде шаған, қайың, шамшат ағаштары отырғызылды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0