Ақтөбе облысында "Аграрлық несие корпорациясы" директорының орынбасары сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевСудебное разбирательство в отношении экс-заместителей министра энергетики - Гани Садибекова и Бакытжана Джаксалиева
Судебное разбирательство в отношении экс-заместителей министра энергетики - Гани Садибекова и Бакытжана Джаксалиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2023
Жазылу
Ол алаяқтық үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары алаяқтық әрекеті үшін сотталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 90 млн теңге көлемінде несие алғаны анықталды. Осыдан кейін сотталған азамат шаруа қожалығының басшысын алдау арқылы Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы ЖШС-мен шарт жасатқан.
Шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 млн теңге аударған, бірақ бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
0