Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина қарулы күштерін ротациялауға жол берілмеді – Ресей қорғаныс министрлігі

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Жазылу
Ресей әскері Украина Қарулы күштерін Оңтүстік Донецк бағытында ротациялау әрекетінің жолын кесті
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Ресей әскерилері Украина Қарулы күштерін Оңтүстік Донецк бағытында ротациялау әрекетінің 8 рет жолын кесті, деп хабарлады РИА Новостиге "Восток" тобы баспасөз орталығының жетекшісі Олег Чехов.
"Оңтүстік Донецк бағытында "Восток" тобының бөлімшелері артиллериялық қолдау арқылы Новомихайловкада, Никольское, Урожайное және Старомоярское елдімекендерінің солтүстігіндегі позицияларда Украина Қарулы күштері бөлімшелерін ротациялау әрекетінің сегіз рет жолын кесті", - деп атап өтті Чехов.
Оның айтуынша, әскерилер жеке құрам мен техниканы жойған.
"Жедел тактикалық және армиялық авиация, зымыран әскері мен артиллерия Украина Қарулы күштерінің 79-шы десант шабуылдау, 58-ші мотожаяу бригадасы және 128-ші аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшелерінің адам күші мен техникасы шоғырланған жерлерге соққы берді", - деді Чехов.
Жаңалықтар
0