Өңірлер

Ақтөбе облысында жазғы лагерьлерде 450-ден астам заңбұзушылық анықталды

© Photo : Facebook / советник акима Туркестанской области Сакен Калкаманов Спальные места во временном пункте проживания для жителей Арыси разрушенных домов
 Спальные места во временном пункте проживания для жителей Арыси разрушенных домов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2023
Жазылу
Облыстық прокуратура тексеру қорытындысын жариялады
АЛМАТЫ, 6 қараша - Sputnik. Ақтөбе облысындағы балалардың жазғы лагерінде 450-ден астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, медициналық қауіпсіздік, жер, сәулет-құрылыс, сондай-ақ бюджет заңнамасы саласындағы 450-ден астам заң бұзушылық анықталды.
"120 тұлға жауапқа тартылды, олардың ішінде 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа, мемлекеттік қызметке беделін түсіретін негіздер бойынша 3 қызметкер, әкімшілік жауапқа 95-і тартылды. 13,5 млн теңгенің мемлекеттік сатып алу туралы келісімдері бұзылды", - дейді ведомство.
Тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға заң бұзушылықтардың алдын алу туралы нақты тапсырмалар берілді.
Жаңалықтар
0