Ғарыш қызметтерін ЕАЭО, ШЫҰ және БРИКС елдеріне экспорттау керек – Путин

© POOL / Медиабанкке өтуРесей президенті Владимир Путин
Ресей президенті Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2023
Жазылу
Владимир Путин Королев қаласында ғарыш кемесі құрылысының жетістіктерімен танысып, жас ғалымдармен кездесті
АСТАНА, 27 қазан - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин зымыран-ғарыш саласын дамыту жөніндегі кеңесте ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ және БРИКС елдеріне ресейлік ғарыш қызметтерін экспорттаужұмысын жандандыруды ұсынды, деп хабарлады РИА Новости.
Владимир Путиннің айтуынша, бүгінде Азия, Африка және Латын Америкасының нарықтары барған сайын дамып келеді. ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ, БРИКС және басқа да бірлестіктердегі серіктестердің де ауқымды әлеуметтік-экономикалық жоспарлары бар.
"Олар экономиканың жаңа сегменттерін қалыптастыруға, технологиялық әлеуетін арттыруға дайын. Әрине, Ресей бұл ұмтылысты қолдауы керек, бізде бұл салада ұсынатын нәрсе бар. Сондықтан біздің ғарыш өнімдеріміз бен қызметтеріміздің экспортын белсендірек дамыту маңызды деп ойлаймын", - деді Путин.
Ресей басшысы үкіметке бұл жұмысты одан әрі ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Граффити с изображением космонавта Юрия Гагарина на здании на Аллее Космонавтов в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Фото
Ғарыш тақырыбында адамзат салған арт-нысандар – фото
Жаңалықтар
0