Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Тула десантшылары Артемов бағытындағы тірек пунктін жойды

© Sputnik / Станислав Красильников / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Тула десантшыларының 120-миллиметрлік 2С "Нона" өздігінен жүретін артиллериялық есептобы Артемов бағытындағы украин әскери қызметшілерінің тірек пунктін жойды, деп хабарлады РИА Новостиге РФ қорғаныс министрлігі.
"Барлау кезінде жеке құрам орналасқан УҚК тірек пункті табылды, жауды жою үшін олардың координаттары артиллерияны басқару пунктіне берілді. "Нона" өздігінен жүретін қарудың экипаждары атыс орындарына барып, тірек пункттерін нысанаға алды", - деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.
Ведомство "қанатты жаяу әскер" зеңбірекшілері батылдық танытып, үйлесімді әрекет етіп жатқанын атап өтті.
Нысаналарды барлау, оқ атуды түзету және зақымдануды объективті бақылау ұшқышсыз ұшатын аппараттардың көмегімен жүргізіледі.
Жаңалықтар
0