https://sputnik.kz/20231012/myzgymas-bauyrlastyq-2023-oqu-zhattyguynda-mukha-drony-algash-ret-qoldanyldy-39294237.html
"Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуында "Муха" дроны алғаш рет қолданылды
"Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуында "Муха" дроны алғаш рет қолданылды
Sputnik Қазақстан
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының оқу-жаттығуы Қырғызстанда "Эдельвейс" полигонында өтіп жатыр 12.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-12T07:27+0500
2023-10-12T07:27+0500
2023-10-12T07:27+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0c/39293518_0:24:457:281_1920x0_80_0_0_7828d2e6ab4bcc1e3d7062ca96d31569.jpg
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуы аясында ресейлік әскери қызметшілер алғаш рет "Муха" жауынгерлік соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданды, деп хабарлады ҰҚШҰ оқу-жаттығуларының бірлескен баспасөз орталығы.Практикалық іс-қимылдарды орындау барысында "Муха" аппаратының есептобы "жауынгерлік" түйісу сызығында тұрып, нысананың координаттарын қабылдап, белгіленген нысандарға соққы берді. "Муха" оқ-дәрілерге арналған бекіткіштермен жабдықталған."Муха" ұшқышсыз ұшу аппаратын ресейлік мамандар әзірлеген, ол ауада 30 минут бойы салмағы 5 келіге жуық жүкті көтеріп тұра алады. Дрон барлау мақсатында пайдалануға мүмкіндік беретін камерамен жабдықталған, сонымен қатар "Муха" радиоэлектронды күрес құралдарына төзімді.9-13 қазан аралығында Қырғызстан қорғаныс министрлігіне қарасты 20636 әскери бөлімінің "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бітімгершілік күштері "Мызғымас бауырластық-2023" бірлескен оқу-жаттығуын өткізіп жатыр. Оған Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің бітімгершілік күштерінің ұлттық контингенттері, Біріккен штаб пен ҰҚШҰ хатшылығының жедел топтары қатысуда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0c/39293518_26:0:433:305_1920x0_80_0_0_33d1d6734fa2e61f1793b700f66346e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
"Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуында "Муха" дроны алғаш рет қолданылды
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының оқу-жаттығуы Қырғызстанда "Эдельвейс" полигонында өтіп жатыр
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуы аясында ресейлік әскери қызметшілер алғаш рет "Муха" жауынгерлік соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданды, деп хабарлады ҰҚШҰ оқу-жаттығуларының бірлескен баспасөз орталығы.
Практикалық іс-қимылдарды орындау барысында "Муха" аппаратының есептобы "жауынгерлік" түйісу сызығында тұрып, нысананың координаттарын қабылдап, белгіленген нысандарға соққы берді. "Муха" оқ-дәрілерге арналған бекіткіштермен жабдықталған.
"Муха" ұшқышсыз ұшу аппаратын ресейлік мамандар әзірлеген, ол ауада 30 минут бойы салмағы 5 келіге жуық жүкті көтеріп тұра алады. Дрон барлау мақсатында пайдалануға мүмкіндік беретін камерамен жабдықталған, сонымен қатар "Муха" радиоэлектронды күрес құралдарына төзімді.
9-13 қазан аралығында Қырғызстан қорғаныс министрлігіне қарасты 20636 әскери бөлімінің "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бітімгершілік күштері "Мызғымас бауырластық-2023" бірлескен оқу-жаттығуын өткізіп жатыр. Оған Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің бітімгершілік күштерінің ұлттық контингенттері, Біріккен штаб пен ҰҚШҰ хатшылығының жедел топтары қатысуда.