Қазақстан мен Әзербайжан бірлескен әскери-теңіз жаттығуын өткізді

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіБакуде Қазақстан мен Әзербайжанның бірлескен "Хазри-2023" әскери-теңіз оқу-жаттығуы өтті
Бакуде Қазақстан мен Әзербайжанның бірлескен Хазри-2023 әскери-теңіз оқу-жаттығуы өтті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2023
Жазылу
Бақылаушы ретінде Иран да қатысты
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Бакуде Қазақстан мен Әзербайжанның бірлескен "Хазри-2023" әскери-теңіз оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Жаттығудың белсенді кезеңінде екі елдің бөлімшелері теңіз жаяу әскерлерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтап, кемелерді әскери жағдайға дайындады", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан мен Әзербайжанның әскери теңізшілері арнайы мақсаттағы бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасай отырып, әуе және құрлық нысандарын зақымдау, азаматтық кеме мен оның экипажын босату, зардап шеккен кемені сүйреп апаруға жәрдем көрсету, экипажды құтқару және эвакуациялау бойынша оқу-жауынгерлік міндеттерді орындады.
Теңіз өткелі кезінде десанттық айдауыл жасау, террористік-диверсиялық топтар мен уақытша базаларды бейтараптандыру, арнайы бөлінген теңіз жаяу әскерлері мен арнайы күштердің аралды азат ету тапсырмалары пысықталды.
Айта кетері, Әзербайжан тарапының шақыруымен жаттығуларға Иран Ислам Республикасы Қарулы күштерінің делегациясы бақылаушы ретінде қатысты.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша тараптар алға қойылған міндеттерді орындаудың жоғары сапасын атап өтіп, Қазақстан мен Әзербайжанның халықаралық әскери ынтымақтастығы шеңберінде практикалық өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара мүдделілік білдірді.
Жаңалықтар
0