Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары жыл соңына дейін үкіметке жолданады

© Photo : Акимат АлматыАлматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары жыл соңына дейін үкіметке жолданады
Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары жыл соңына дейін үкіметке жолданады - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2023
Жазылу
Жоба алдымен қазан айының соңына дейін Алматы қаласы мен Алматы облысының мәслихатына келісуге жіберіледі
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары 2023 жылдың соңына дейін үкіметінің қарауына ұсынылады.
Ол үшін алдымен қазан айының соңына дейін жоба Алматы қаласы мен Алматы облысының мәслихатына келісуге жіберіледі. Бұл туралы Қонаев қаласында өткен Агломерацияның жергілікті кеңесінің жиынында белгілі болды.
Күн тәртібінде президенттің тапсырмасын іске асыру аясында әзірленген Алматы агломерациясын 2029 жылға дейін дамытудың кешенді жоспарының жобасы қаралды.
"Кешенді даму жоспары өңірдегі тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымының дамуын үндестіріп, теңестіруге тиіс. Біз үшін агломерация тұрғындарының көлікке қолжетімділігі маңызды, сонда ғана олар қалаға еркін жете алады. Демек көлікті дамыту ҮААЖ-на (БАКАД) дейінгі және одан кейінгі барлық аумақты қамтуды ескере отырып жүргізілуі керек. Сондай-ақ жоспарларда-тартылыс нүктелері болуға тиіс. Бұл - жұмыс орындарын құру, өмір сүруге лайықты жағдай жасау және т.б.", - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Кешенді даму жоспарының жобасын әзірлеу 2023 жылғы қаңтарда қабылданған "Агломерацияларды дамыту туралы" заңның арқасында мүмкін болды. Оны "Алматыбасжоспар ҒЗИ" ЖШС және Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы әзірледі.
"Алматы агломерациясын дамыту өңірдің орнықты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызды басымдық болып саналады", - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев .
Оның айтуынша, Қазақстан аумағындағы агломерацияның үлесі 0,61%, ел халқында-17%, ел экономикасында 21,3%.
Жобаа қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу, сапалы инженерлік инфрақұрылым құру және т. б. көзделген.
Алматы қаласының көлік дәлізін дамыту мақсатында әзірленіп жатқан жоспар шеңберінде қала мен облыс арасындағы көлік байланысын жақсарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Онда көлік желілерін, оның ішінде қоғамдық көлікті дамытуға, теміржол тасымалының сапасын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шара көзделген.
Қала маңындағы аймақтардың тұрғындары үшін көліктік қолжетімділікті жақсарту үшін жаңа маршруттар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, облыс бойынша жылдам әрі ыңғайлы жүруге мүмкіндік беретін бірнеше көлік- ауысып отыру тораптарының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл магистральдық жолдардың өткізу қабілетін және қоғамдық көліктің тартымдылығын арттырады.
Жобада өндірісті дамыту және жаңа орындарды ұйымдастыру үшін шағын өнеркәсіптік парктер құру, Индустриялды аймақты кеңейту, өндірістерді облыс аумағына көшіру көзделген.
Сонымен қатар ішкі туризмді дамытуға баса назар аударылды. Агломерацияға Тургеннен Қаскелеңге дейінгі таулы туристік кластер кіреді.
Жобаны республикалық және жергілікті бюджеттер аясында да, жеке инвестициялар есебінен де қаржыландыру жоспарлануда.
Жаңалықтар
0