"Қазақстан" шахтасындағы өртке 100% жұмыс беруші кінәлі – Шәріпханов

Заброшенная шахта, карьер. Иллюстративное фото
Заброшенная шахта, карьер. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2023
Жазылу
Үкіметтік комиссия заңнама талаптарын бұзған 28 жауапты адамды анықтады
АЛМАТЫ, 18 қыркүйек - Sputnik. "Қазақстан" шахтасындағы өртке жұмыс беруші 100% кінәлі, деп мәлімдеді брифингте Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.
Арнайы құрылған мемлекеттік комиссия бірқатар сараптамалардан кейін заңнаманың әртүрлі талаптарын бұзған 28 жауапты адамды анықтады.
Атап айтқанда, шахтаның инженерлік-техникалық құрамы мен энергетикалық-механикалық қызмет тарапынан тиісті өндірістік бақылау болмаған.
Қауіпсіздік техникасы мен техникалық реттеу нормалары бұзылған. Бұдан бөлек конвейер таспасы сертификатқа сай болмаған.
"Жұмыс аумағының тозаңдылығы мен тау-кен өнімдерінің және жанған заттан шыққан газ жұмысшылардың өліміне әкеп соқты", - деді министр.
Еске сала кетейік, 17 тамызда Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында өрт шықты.
Өндірістегі апаттан бес жұмысшы қайтыс болды. Марқұмдардың денесін табу оңайға соқпады. Министрлік іздеу жұмыстарына қатты ыстық температура мен қою түтін кедергі келтіргенін айтты. Сондай-ақ шахтадағы тілсіз жауды ауыздықтау да қиындық тудырып отыр. Төтенше жағдайды зерттеуге халықаралық сарапшылар тартылды.
Жаңалықтар
0