https://sputnik.kz/20230914/qazaqstan-gonkongpen-vizasyz-rezhimdi-bir-ayga-deyin-uzartudy-usyndy-38439403.html
Қазақстан Гонконгпен визасыз режимді бір айға дейін ұзартуды ұсынды
Қазақстан Гонконгпен визасыз режимді бір айға дейін ұзартуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Бұл сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік береді 14.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-14T10:58+0500
2023-09-14T10:58+0500
2023-09-14T10:58+0500
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/07/30111882_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_e868e0cedbea255e1e1501c116889c3f.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Гонконгпен арадағы визасыз режимді 14 күннен бір айға дейін ұзартуды және тікелей авиарейстерді жаңартуды ұсынды, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.Министр Арман Шакқалиев пен Гонконгтың АӘА басшысы Джон Ли сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады.Оның айтуынша, халықаралық сауда платформасында 5 000-нан астам қазақстандық тауар орналастырылған Alibaba.com ұлттық павильоны ашылған."Соңғы 3 жылда платформада сатылым 225 млн доллардан асты. Сонымен қатар мамыр айында JD.com электрондық платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Қазір біз Genertec, Huawei, XingXing сияқты ірі бизнес иелерімен электронды коммерция саласында белсенді келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сіздерді осы бағыттағы ынтымақтастыққа шақырамыз", - деді министр.Туризмді жандандыру мақсатында қазақстандық тарап тікелей авиарейстерді жаңартуды және Қазақстан мен Гонконг арасындағы визасыз режимді 14 күннен бір айға дейін ұлғайтуды ұсынды. Бұл сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік береді.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/07/30111882_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_8ababe4de3d291f8912257d40c943a78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
Қазақстан Гонконгпен визасыз режимді бір айға дейін ұзартуды ұсынды
Бұл сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік береді
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Гонконгпен арадағы визасыз режимді 14 күннен бір айға дейін ұзартуды және тікелей авиарейстерді жаңартуды ұсынды, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Министр Арман Шакқалиев пен Гонконгтың АӘА басшысы Джон Ли сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады.
"Қазақстан экономикасына, оның ішінде жаңа технологиялар, жасыл энергетика, IT, жаңа өндірістерді іске қосу салаларына инвестиция салу үшін бізде барлық қолайлы жағдай жасалған. Қазақстан органикалық таза өнім өндірудің үлкен әлеуетке ие және біз Гонконг нарығына ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін жеткізуге мүдделіміз", - деді Шакқалиев.
Оның айтуынша, халықаралық сауда платформасында 5 000-нан астам қазақстандық тауар орналастырылған Alibaba.com ұлттық павильоны ашылған.
"Соңғы 3 жылда платформада сатылым 225 млн доллардан асты. Сонымен қатар мамыр айында JD.com электрондық платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Қазір біз Genertec, Huawei, XingXing сияқты ірі бизнес иелерімен электронды коммерция саласында белсенді келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сіздерді осы бағыттағы ынтымақтастыққа шақырамыз", - деді министр.
Туризмді жандандыру мақсатында қазақстандық тарап тікелей авиарейстерді жаңартуды және Қазақстан мен Гонконг арасындағы визасыз режимді 14 күннен бір айға дейін ұлғайтуды ұсынды. Бұл сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік береді.