Экономика

Қазақстан экономикасы сегіз айда 4,9%-ке өсті

© Sputnik / Владислав ВодневМонета, иллюстративті фото
Монета, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Жазылу
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,2%-ке артқан
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Қаңтар-тамыз айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,9%-ке өсті. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Осы жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ті құрады. Оның ішінде нақты сектор – 4,4%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 4,8%-ке өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті",- деді вице-министр үкімет отырысында.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,2%-ке артқан. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды.
Әмриннің айтуынша, 2023 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 5,7%-ке өсіп, 79,5 млрд долларды құрады.
Экспорт 44,8 млрд долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 14,2 млрд долларға жетті.
Тауарлар импорты 34,7 млрд долларды құрады.
"Жалпы, оң сауда балансы 10 млрд долларға тең", - деді ол.
Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде де оң өсім сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,1%-ке өсті.
Жаңалықтар
0