https://sputnik.kz/20230824/eaeo-da-qauipti-onim-tizilimi-bolmaydy-37897398.html
ЕАЭО-да "Қауіпті өнім" тізілімі болмайды
ЕАЭО-да "Қауіпті өнім" тізілімі болмайды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде "қауіпті өнім" ұғымын "сәйкес келмейтін өнімге" ауыстыру туралы келісім ЕАЭО-ға мүше елдердің қол қоюына жіберілді 24.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-24T07:00+0500
2023-08-24T07:00+0500
2023-08-24T07:00+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379607_9:0:258:140_1920x0_80_0_0_425e417f21ffb8ff3b5c4303a54d9c2a.jpg
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. ЕАЭО елдері "Қауіпті өнім" тізілімін "Сәйкес келмейтін өнім" тізілімі деп қайта атауды қолдады, деп хабарлайды "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы.Тізілім техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау қорытындысы бойынша қалыптастырылатын болады. Сонымен қатар өнімнің ЕАЭО техрегламенттерінің талаптарына сәйкес еместігі туралы мәліметтерді қамтитын болады."Қауіпті өнім" термині қабылданған жағдайда тамақ өнеркәсібінен бастап ауыр машина жасау, құрылыс индустриясына дейін өнеркәсіптің барлық саласы қиын жағдайға қалар еді. Өйткені осы тізілімге түскен деректер сол компания, бренд қызмет еткенше сақталады. Цифрлық технологиялар дәуірінде нұқсан келген беделден тіпті шетелдік нарықтарда да құтылу мүмкін емес. Соның салдарынан бренд атауын өзгертуге тура келеді, бұрыннан қалыптасқан бренд өшеді.Еске салсақ, ұлттық кәсіпкерлер палатасы тізілімге "қауіпті өнім" атауын беруге қарсы болған. Өйткені "қауіпті өнім" және "техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнім" түрлі ұғымдар. Сондай-ақ, техникалық регламентті бұзу (мысалы, таңбалау, өнімнің майлылығы, ет, қант немесе басқа ингредиенттің мөлшері бойынша) өнімді "қауіпті" санатына қосуға себеп бола алмайды.Кейінгі бір жыл ішінде ұлттық палата осы мәселені парламент, ҚР үкіметі, сонымен қатар ЕЭК алаңында бірнеше рет көтеріп келді."Ауқымды жұмыс атқарылды. Алдымен бізге бақылаушы органдарға "қауіпті өнім туралы" тізілім бизнес жұмысына залал тигізетінін түсіндіруге тура келді. Тағы сегіз ай ЕАЭО бойынша серіктестерімізге түсіндірумен болдық. Осы тізілімді құру мәселесі бірқатар басқа бастамаларды тежегеннен кейін ғана біз одаққа мүше барлық елдің мақұлдауын алдық", – деді Жазира Шүйкебаева.Қазіргі кезде "қауіпті өнім" ұғымын "сәйкес келмейтін өнімге" ауыстыру бөлігінде мемлекеттік бақылау жөніндегі келісім ЕАЭО-ға қатысушы елдердің қол қоюына жіберілді. Оған барлық тарап қол қойғаннан кейін "Сәйкес келмейтін өнім" тізілімі толық күшіне енеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379607_40:0:227:140_1920x0_80_0_0_54d4f934ae3c482a1485b01a42d3b677.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО-да "Қауіпті өнім" тізілімі болмайды
Қазіргі кезде "қауіпті өнім" ұғымын "сәйкес келмейтін өнімге" ауыстыру туралы келісім ЕАЭО-ға мүше елдердің қол қоюына жіберілді
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. ЕАЭО елдері "Қауіпті өнім" тізілімін "Сәйкес келмейтін өнім" тізілімі деп қайта атауды қолдады, деп хабарлайды "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Тізілім техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау қорытындысы бойынша қалыптастырылатын болады. Сонымен қатар өнімнің ЕАЭО техрегламенттерінің талаптарына сәйкес еместігі туралы мәліметтерді қамтитын болады.
"Қауіпті өнім" термині қабылданған жағдайда тамақ өнеркәсібінен бастап ауыр машина жасау, құрылыс индустриясына дейін өнеркәсіптің барлық саласы қиын жағдайға қалар еді. Өйткені осы тізілімге түскен деректер сол компания, бренд қызмет еткенше сақталады. Цифрлық технологиялар дәуірінде нұқсан келген беделден тіпті шетелдік нарықтарда да құтылу мүмкін емес. Соның салдарынан бренд атауын өзгертуге тура келеді, бұрыннан қалыптасқан бренд өшеді.
"Негізінде улы, токсинді, радиоактивті және жарылуға қауіпті заттарды қауіпті деп саналады. Осындай заттардың қатарына жай ғана техникалық регламенті бұзылған өнімді қоюға болмайды деп санаймыз. Дүкен сөресінде дұрыс сақталмағаны себепті бұзылып кеткен сүзбе сапасыз өнімдер дайындалған деген сөз емес", – деді "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Техникалық реттеу департаментінің директоры Жазира Шүйкебаева.
Еске салсақ, ұлттық кәсіпкерлер палатасы тізілімге "қауіпті өнім" атауын беруге қарсы болған. Өйткені "қауіпті өнім" және "техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнім" түрлі ұғымдар. Сондай-ақ, техникалық регламентті бұзу (мысалы, таңбалау, өнімнің майлылығы, ет, қант немесе басқа ингредиенттің мөлшері бойынша) өнімді "қауіпті" санатына қосуға себеп бола алмайды.
Кейінгі бір жыл ішінде ұлттық палата осы мәселені парламент, ҚР үкіметі, сонымен қатар ЕЭК алаңында бірнеше рет көтеріп келді.
"Ауқымды жұмыс атқарылды. Алдымен бізге бақылаушы органдарға "қауіпті өнім туралы" тізілім бизнес жұмысына залал тигізетінін түсіндіруге тура келді. Тағы сегіз ай ЕАЭО бойынша серіктестерімізге түсіндірумен болдық. Осы тізілімді құру мәселесі бірқатар басқа бастамаларды тежегеннен кейін ғана біз одаққа мүше барлық елдің мақұлдауын алдық", – деді Жазира Шүйкебаева.
Қазіргі кезде "қауіпті өнім" ұғымын "сәйкес келмейтін өнімге" ауыстыру бөлігінде мемлекеттік бақылау жөніндегі келісім ЕАЭО-ға қатысушы елдердің қол қоюына жіберілді. Оған барлық тарап қол қойғаннан кейін "Сәйкес келмейтін өнім" тізілімі толық күшіне енеді.