Астанада кәсіпкерлерді сыйақы беруге мәжбүрлеген ер адам ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2023
Жазылу
Ол өзін фискалдық органдардың қызметкерімін деп таныстырған
АЛМАТЫ, 15 тамыз – Sputnik. Астана тұрғыны кәсіпкерлерді заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Астанада өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді ойдан шығарылған "қамқорлық" үшін заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген адам ұсталды.
"Күдікті кәсіпкерге моральдық қысым көрсетіп, 300 мың теңге ақша талап еткен. Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталды. Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Күдіктіні Қаржылық мониторинг агенттігі мен елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірігіп ұстаған.
Мамандар кәсіпкерлерге алаяқтардан абай болуға шақырды.
Қысым көрсету фактілеріне тап болған жағдайда, ҚМА call-орталығына 1458 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Өңірлер
Жетісуда кәсіпкерден ақша бопсалағандар ұсталды
Жаңалықтар
0