ЕАЭО-да кооперацияны қаржыландырудың жаңа тетігі іске қосылады

© Photo ЕАЭА елдерінің тулары
  ЕАЭА елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары кооперациялық өнеркәсіптік жобаларға қаржылай жәрдемдесудің жаңа тетігі туралы келісті, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.
ЕАЭО мүше мемлекеттер басшылары 25 мамырда Мәскеу қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында ЕАЭО-дағы кооперациялық өнеркәсіптік жобаларға қаржылай жәрдемдесудің жаңа тетігі туралы келісті. Олар ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды.
"ЕАЭО бюджетінде қаржылық көмек көрсетуге жыл сайын арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарынан мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсетін түсімдердің жалпы сомасының 10 пайызы мөлшерінде қаражат көзделетін болады. Сарапшылардың бағалауы бойынша жыл сайынғы сома шамамен 20 миллион АҚШ доллары болады. Бұл шамамен 189 – 200 миллион доллар сомаға жобаларды қолдауға мүмкіндік береді", - дейді министрлік.
Қазір тараптардың сарапшылары бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеудің жалпы критерийлері, қарыз алушыларға, халықаралық және ұлттық кредиттік ұйымдарға қойылатын талаптар, өтінімдерді беру, қарау және мақұлдау рәсімдері туралы уағдаласып жатыр.
Бұдан басқа, қаржылық көмек көрсету бағдарламасына қатыса алатын өнеркәсіп салаларының тізбесін айқындайтын болады.
"Тұтастай алғанда, кооперацияны қаржыландырудың жаңа тетігі ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамытуға және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді енгізуге ықпал етеді", - дейді ведомство.
Бұл жаңа шарттар отандық кәсіпорындарға маңызды стратегиялық жобаларды іске асыруға, өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді және қосымша жұмыс орындары ашылады. Сөздің қысқасы Қазақстан өнеркәсібінің дамуына және тұтастай экономикаға оң әсер етеді.
Қаржыландырудың жаңа форматы 2024 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Ол 5 жыл бойы жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0