Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс Украинаға қатысты қандай шешім қабылдауы мүмкін

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуРабота расчетов артиллерийских установок "Акация" на Запорожском направлении
Работа расчетов артиллерийских установок Акация на Запорожском направлении - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2023
Жазылу
АҚШ пен НАТО Ресеймен тікелей әскери қақтығысқа технологиялық тұрғыдан дайын емес. Себебі Ресей өз армиясының жауынгерлік қуатын тез ұлғайтып, Киев режимін қолдайтын 50 елдің қару-жарағын Украина Қарулы күштерінің техникасымен қоса талқандап жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ұжымдық Батыс Украинадан бас тартуға да әлі дайын емес. Себебі Ирак, Ауғанстан, Сирия және ендігі ретте Украинадағы геосаяси сәтсіздіктер, яғни әскери жеңіліс Американың және оның одақтастарының экономикалық әл-ауқатына қауіп төндіреді. Сондықтан альянс украин, поляк, литва, латыш, эстон және тағы басқа ұлттарды құрбан ету арқылы Ресеймен ккүресе беруге дайын.
Пентагон басшысының бұрынғы кеңесшісі, полковник Дуглас Макгрегор кеше Батыс Украина аумағына басып кіру үшін батыстық "еріктілер коалициясын" құру туралы хабарлады. Америкалық әскери сарапшының пікірінше, қазір АҚШ армиясы бұрынғыдан да әлсіз, сондықтан Польша мен Литва шешуші рөл атқаруы керек.
Әскери жеңіліс жағдайында Польша, Литва және Украина Вашингтонның қолдауына сенім арта алады, бірақ оған кепілдік жоқ. Варшава Украинаның Львов, Ивано-Франковск және Тернополь облыстарын аннексиялауға белсенді түрде дайындалып жатқаны жаңалық емес. Ол НАТО-дағы одақтастары Мәскеумен бейбітшілік туралы диалогқа кірісіп кете ме деп асығып отыр.
"Польша, Латвия және Литва 5 тамызда Беларусьпен шекараға әскерін көшірді. Пентагон басшысы Ллойд Остин "1 тамызда беларусь ұшақтарының Польша әуе кеңістігіне басып кіруіне" қатысты Польша әскери ведомствосының бұл реакциясын ашық қолдады. Аныңында ешқандай басып кіру болған жоқ. Варшава және оның Балтық маңындағы одақтастары Беларусь армиясы шығыс аумақты басып алуға кедергі жасай алмауы үшін Минскті шекаралық қақтығысқа тартуға әдейі әрекеттеніп жатыр", деп жазды Хроленко.
Ресей президенті Владимир Путин 21 шілдеде мәлімдегендей, Польша билігі НАТО-ның атын жамылып коалиция құруды, сол арқылы Украинадағы қақтығысқа тікелей араласуды және өзіне де үлкен үлес алып үлгеруге тырысып жатыр. Ресей сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин поляк-литвалық басып кіру ықтималдығы жоғары екенін бірнеше рет ескерткен.
НАТО-ның екінші "Балтық маңы" майданының ашылуына Мәскеу мен Минсктің жауабы анық. Себебі, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко 2022 жылдың көктемінде поляктардың Украинаға басып кіруі Беларусьтің соғысқа араласуын білдіреді деп ескерткен болатын. Әрі қарай арнайы әскери операция шекараларын кеңейту, оқиғалардың Үшінші дүниежүзілік соғыстың алгоритмдеріне сәйкес өрбуі сөзсіз.
Украина Қарулы күштерінің қолбасшылығы әлі де "Ресей қорғанысының бірінші шебін бұзып, ұрыс даласында мобильділікті қалпына келтіруге және қалған ресейлік күштерді қиратуға" үміттенеді. Сондықтан Қырымды басып алуға арналған Украинаның стратегиялық резервтері алдыңғы шепке тасталды.
Хроленконың пікірінше, қарсы шабуылдың үшінші айында да ілгерілеу Киев үшін арман болып қала берді. Бастапқыда НАТО кеңесшілері Украина Қарулы күштерінің Ресей қорғаныс шебін қиратуына небәрі үш-төрт күн жұмсалады деп сенді.
Екі айдың ішінде 43 мыңнан астам украиналық сарбаз бен офицерлер қаза тапты, Украина Қарулы күштерінің мыңдаған броньдалған техникасы, оның ішінде 400-ден астам танк жойылды. Адам күші мен техниканың орасан зор шығынын сапалы түрде орны толтырылмайтынын Украина әскерінің қолбасшылығы жоққа шығармайды.
Ресей армиясының Украина Қарулы күштерінің нысандары мен логистикасына қарсы зымыранмен біріккен соққы жасау ауқымы артып жатыр. Ресей әскерінің шабуыл операциялары бірнеше бағытта, әсіресе Купянск, Харьков облысында күшейіп келеді.
"Бүгінде Ресеймен мүлде тату емес елдердің өзі Украинаның жеңісіне сенбейді. Тіпті Батыс Украина Қарулы күштері қарсы шабуылдың күрделі операциялық міндеттерін орындауға технологиялық тұрғыдан қабілетсіз екеніне көз жеткізді. Кейбіреулерге бұл жағдайды беделге нұқсан келтірмей шешудің жалғыз жолы НАТО-ның екінші "Балтық маңы" майданын ашу болып көрінуі мүмкін. Алайда арнайы әскери операцияның бірінші жылында альянстың арсеналдары босап қалды", - деп жазды ресейлік сарапшы өз материалында.
АҚШ-тың әскери-өнеркәсіп кешені таяу жылдары Украина Қарулы Күштеріне қажетті ең тапшы 155 миллиметрлік артиллериялық снарядтарды шығаруға қауқарсыз. Киев үшін америкалықтар ғаламшардың әртүрлі аймақтарындағы Батыс және Шығыс одақтастарының резервтерінен қажетті оқ-дәріні алып берді. Мысалы, Израильден – 300 мың, Оңтүстік Кореядан – 100 мың снаряд. Бірақ Украина Қарулы күштерінің артиллериясы әлі де қиратылып жатыр.
Украинаға батыстық Patriot, NASAMS, IRIS-T сынды әзениттік зымыран кешенінің бірнеше батареясы жіберілді. Бірақ зениттік зымырандар жеткіліксіз болып тұр. Украина Қарулы күштері айына 160 дана Patriot зениттік зымыран кешенін тұтынады. Бұл АҚШ жылына өндіретін көлеммен бірдей. Сондықтан екінші "Балтық маңы" майданына НАТО-ның оқ-дәрілері жеткілікті ме деген сұрақ туындайды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0