Щучинск әкіміне қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2023
Жазылу
КӨКШЕТАУ, 4 тамыз – Sputnik. Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовтың халықтың сұрағына жауап беруден эмоционалды түрде бас тартуы қоғамда резонанс тудырды.
Ал қала әкімі тұрғындардың сұрағына жауап беруден әдейі бас тартпағанын айтады.
Әкімді жаманатты еткен жанжалды оқиға 2 тамызда болды. Қала әкімі әлеуметтік желіде есеп беру кездесуін өткізген. Олжас Нұрмағамбетов жарты жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы айтып, сұрақ қоюды ұсынады.
Спикер арада қысқа үзіліс болғанын пайдаланып,өзекті мәселлерді қалай шешіп жатқанын баяндайды. Содан кейін тұрғындардың сұрағын күтпей, эфирді аяқтайды. Бірақ бір нәрсе дұрыс болмай, әлеуметтік желі видеотрансляцияны жалғастыра береді. Бірақ қала басшысы мұны білмейді. Дәлізге шығып, халықтан сұрақ жинаған жергілікті пабликтің сұрақтары ұнамсыз екенін айтады. Ол "сұрақтарын бір жеріне тығып қойсын" деп дөрекі сөйлеген.
Айта кетері, бұл туралы паблик қана емес, сонымен қатар эфирге қатысқан Щучинск тұрғындарының өздері де жазып жатыр.
Алайда Олжас Нұрмағамбетовтың өзі телефон арқылы сөйлеген сөзінде эфирде дөрекі сөздер қолданбағанын айтады. Ал жоғарыдағы дөрекі сөздің қала тұрғындарына қатысы жоқ көрінеді.
"Тікелей эфирде мен камераға баяндаманы оқыдым, сұрақтарды күттім. Түсіріп жатқан хатшы келіп түскен пікірлерді оқып шығуы керек еді. Ол сұрақ жоқ деді. Содан кейін мен жалғастырдым, қаламыздағы екі өзекті мәселеге жауап бердім. Хатшы тағы да сұрақтар мен түсініктемелер жоқ деді. Телефон шетке қояды, содан кейін дәлізде кадрдан тыс әңгіме болады. Иә, кейбір сөздер айтылды. Бірақ боғауыз сөз болған жоқ, оның үстіне халыққа мүлде қатысы жоқ", - деп түсіндірді әкім.
Қала басшысы мұнымен дөрекі сөздерді өзі жақтырмайтын пабликке қарата айтқанын меңзеп отырса керек.
"Егер сіздің көз алдыңызда үнемі негатив болса және мен жаманатты болып жатсам, халық арасында әкім жұмыс істемейді деген пікір қалыптасады. Егер блогерлер біздің қалада бір нәрсені өзгерткісі келсе мен олардан ешқашан жасырынбаймын. Мен қалада жаяу жүремін, біз кейде блогерлермен кездесіп те қаламыз. Сондай сәттерде "тікелей эфирді қосыңыз, мен барлық сұрақтарға жауап беруге дайынмын" деп айтамын. Ал қисық посттарды бүкіл Қазақстанға жіберуге болмайды", - деді Нұрмағамбетов.
Естеріңізге сала кетейік, Олжас Нұрмағамбетовке өткен жаздағы сайлауда жергілікті халық 67 пайыз дауыс берген.
Бурабай ауданының әкімдігі әкімге қатысты қызметтік тергеу жүргізілетіні туралы хабарлады.
Жаңалықтар
0