https://sputnik.kz/20230801/malva-gaubitsasynyn-mumkindikteri-qanday-37330042.html
"Мальва" гаубицасының мүмкіндіктері қандай
"Мальва" гаубицасының мүмкіндіктері қандай
Sputnik Қазақстан
Қазіргі заманғы әскери іс-қимылдар қарқыны артиллерияның жоғары маневрлі, атыс кезіндегі дәлдік пен жылдамдықты талап етеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы... 01.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-01T09:44+0500
2023-08-01T09:44+0500
2023-08-07T15:44+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37189357_0:0:2598:1461_1920x0_80_0_0_ab97cd8f82fb1e09731f85ba01c8d23c.jpg
Қазіргі заманғы әскери іс-қимылдар қарқыны артиллерияның жоғары маневрлі, атыс кезіндегі дәлдік пен жылдамдықты талап етеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Ресей тарихындағы бірінші өздігінен жүретін дөңгелекті "Мальва" гаубицасы ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, жаппай өндірісті бастауға қажетті барлық сынақтан сәтті өтті."Ростех" 8х8 дөңгелегі бар БАЗ шассиінде өздігінен жүретін дөңгелекті 152 миллиметрлі 2С43 "Мальва" гаубицасын мемлекеттік сынақтан өткізді. Жаңа гаубица шынжыр табанды өздігінен жүретін гаубицаға қарағанда әлдеқайда маневрлі. Позицияда тезірек кері қайтады және атыс миссиясын орындағаннан жылдам орын ауыстырады. Оның техникалық ресурсы үлкен және пайдалану құны төмен.Артиллериялық қондырғы командалық пункттерді, қорғаныс құрылымдарын, артиллериялық, зымыран және миномет батареяларын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, броньдалған техниканың легін және адам күшін жоюға арналған. Жақында "Мальва" қару-жарақ қатарына қабылданып, ресейлік өздігінен жүретін шынжыр табанды артиллерияның күшін арттырады."Мальва" жобасы 8х8 дөңгелегі және 470 ат күші дизельді қозғалтқышы бар БАЗ-6610-027 "Вощина" шассиіне негізделген жоғары мобильді жеңіл артиллериялық жүйенің тұжырымдамасы. Салмағы 32 тонна жауынгерлік машина тас жолда және жолсыздарда жүруге арналған, жылдамдығы 80 км/сағ дейін жетеді. Қосымша жанармай құюсыз жүру қашықтығы 1000 километрді құрайды. "Мальваның" өлшемдері мен салмағы мұндай өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды Ил-76 көлік ұшағында ұзақ қашықтыққа жылдам тасымалдауға мүмкіндік береді."Конструкциясы сенімді және тиімді. Бес адамнан тұратын экипаж екі қатарлы кабинада, көліктің алдында орналасады. Оқ-дәрілер жинағы (30 снаряд) және әртүрлі агрегаттар орталықта жайғастырылады. Артиллериялық қондырғы артқы жағында орналасқан және көздеу механизмдері бар ашық жоғарғы лафет білдегі іспеттес. Өздігінен жүретін "Мальва" иір ойықты оқпаны бар 152 миллиметрлі 2А64 гаубицасымен қаруланған және -3-тан +70-қа дейінгі биіктікте ені 60алдыңғы секторда оқ атуға қабілетті", - деп жазды Хроленко."Мальва" гаубицасында дәлдігі жоғары навигациялық құралдар, ақпарат алмасу мүмкіндігі бар заманауи цифрлық автоматтандырылған атысты басқару жүйесі қарастырылған. Гаубица бір мезгілде әртүрлі траектория бойынша бірнеше снарядты бағыттауға қабілетті. Борттағы жабдық кешені экипажға снарядтарды жеткізуді жеңілдетеді.Атыс жылдамдығы минутына 7 оқты құрайды. Салыстыру үшін айтсақ, НАТО-ның CAESAR өздігінен жүретін зеңбіректері минутына 6 оқ атады). Жарықшақ-фугасты снарядтармен атудың ең жоғарғы атыс қашықтығы 24 шақырымнан асады, ол 25 шақырымға дейін "Краснополь-М2" және 43 шақырымға дейін жететін "Краснополь-Д" басқарылатын оқ-дәрілері арқылы орындалады."Мальва" өздігінен жүретін атиллериялық қондырғысы Ресей армиясына бұған дейін қабылдаған "Акация", "Гвоздика", "Гиацинт", "Пион", "Тюльпан" өздігінен жүретін артиллериялық жүйелердің әлеуетін сан және сапа жағынан алмастырмайды, бірақ толықтырады. Қазіргі заманғы әскери іс-қимылдар жоғар маневрлілікті қажет ететіндіктен бұл қажеттілікті "Мальва" өтейтіні белгілі.Дөңгелекті өздігінен жүретін зеңбіректер климаты жылы және жол желісі дамыған елдерде кеңінен таралған. Себебі мұндай жабдықты пайдалану орынды және мақсатқа сай. Мысалы, Қара теңіз аймағында Николаев және Одесса облыстарында жылы уақытта қоданылады. Еске салсақ, арнайы әскери операция аймағында Украина Қарулы күштері "Богдан" өздігінен жүретін дөңгелекті зеңбіректері мен НАТО-ның 155 мм калибрлі CAESAR гаубицасын қолданып жатыр.Хроленконың пікірінше, "Мальва" арнайы әскери операция аймағында сұранысқа ие болады. Сонымен қатар бұл техника ресейлік артиллерия мен моторесурстарының мүмкіндіктерін арттырады."Мальва" өздігінеен жүретін артиллериялық жүйесі Нижний Новгородтағы "Буревестник" орталық ғылыми-зерттеу институтында әзірленді. Сондай-ақ КамАЗ-6550 шассиі негізіндегі "Коалиция-СВ" өздігінен жүретін зеңбіректерінің дөңгелекті нұсқасы да осында дайындалған. болашақта "Лотос", "Магнолия", "Флокс" өздігінен жүретін зеңбіректер де шығарылады деген жоспар бар.Жалпы, әскери шолушы артиллерия жоғары қарқынды ұрыс қимылдарында жоғары сұранысқа ие екенін жазды. Арнайы әскери операция аймағында атыс күшімен қатар мобильділік басымдыққа ие болды. Қарсы тараптың ұшқышсыз ұшу аппараттарын және НАТО-ға тиесілі басқа заманауи барлау құралдарын пайдалануы ресейлік зеңбірекшілерден тапсырманы орындағаннан кейін позицияларын тез өзгертуді талап етеді.Жалпы әскери операциялар барысында артиллерия атыс басымдығына ие, ол басқару, барлау және радиоэлектрондық соғыс жүйелерін қиратады, қарсыластың қорғаныс құрылымдарын және қорғаныстың тереңдігіне енген жау танкілерін жояды. Ұрыс даласында қолданылатын артиллериялық қарулардың және оқ-дәрілердің кең түрі атыс жүргізу бойынша міндеттерді дербес шешуге мүмкіндік береді.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37189357_285:0:2536:1688_1920x0_80_0_0_c816eba5ace05c9af3071358c8eba813.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Қазіргі заманғы әскери іс-қимылдар қарқыны артиллерияның жоғары маневрлі, атыс кезіндегі дәлдік пен жылдамдықты талап етеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресей тарихындағы бірінші өздігінен жүретін дөңгелекті "Мальва" гаубицасы ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, жаппай өндірісті бастауға қажетті барлық сынақтан сәтті өтті.
"Ростех" 8х8 дөңгелегі бар БАЗ шассиінде өздігінен жүретін дөңгелекті 152 миллиметрлі 2С43 "Мальва" гаубицасын мемлекеттік сынақтан өткізді. Жаңа гаубица шынжыр табанды өздігінен жүретін гаубицаға қарағанда әлдеқайда маневрлі. Позицияда тезірек кері қайтады және атыс миссиясын орындағаннан жылдам орын ауыстырады. Оның техникалық ресурсы үлкен және пайдалану құны төмен.
Артиллериялық қондырғы командалық пункттерді, қорғаныс құрылымдарын, артиллериялық, зымыран және миномет батареяларын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, броньдалған техниканың легін және адам күшін жоюға арналған. Жақында "Мальва" қару-жарақ қатарына қабылданып, ресейлік өздігінен жүретін шынжыр табанды артиллерияның күшін арттырады.
"Мальва" жобасы 8х8 дөңгелегі және 470 ат күші дизельді қозғалтқышы бар БАЗ-6610-027 "Вощина" шассиіне негізделген жоғары мобильді жеңіл артиллериялық жүйенің тұжырымдамасы. Салмағы 32 тонна жауынгерлік машина тас жолда және жолсыздарда жүруге арналған, жылдамдығы 80 км/сағ дейін жетеді. Қосымша жанармай құюсыз жүру қашықтығы 1000 километрді құрайды. "Мальваның" өлшемдері мен салмағы мұндай өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды Ил-76 көлік ұшағында ұзақ қашықтыққа жылдам тасымалдауға мүмкіндік береді.
"Конструкциясы сенімді және тиімді. Бес адамнан тұратын экипаж екі қатарлы кабинада, көліктің алдында орналасады. Оқ-дәрілер жинағы (30 снаряд) және әртүрлі агрегаттар орталықта жайғастырылады. Артиллериялық қондырғы артқы жағында орналасқан және көздеу механизмдері бар ашық жоғарғы лафет білдегі іспеттес. Өздігінен жүретін "Мальва" иір ойықты оқпаны бар 152 миллиметрлі 2А64 гаубицасымен қаруланған және -3-тан +70-қа дейінгі биіктікте ені 60алдыңғы секторда оқ атуға қабілетті", - деп жазды Хроленко.
"Мальва" гаубицасында дәлдігі жоғары навигациялық құралдар, ақпарат алмасу мүмкіндігі бар заманауи цифрлық автоматтандырылған атысты басқару жүйесі қарастырылған. Гаубица бір мезгілде әртүрлі траектория бойынша бірнеше снарядты бағыттауға қабілетті. Борттағы жабдық кешені экипажға снарядтарды жеткізуді жеңілдетеді.
Атыс жылдамдығы минутына 7 оқты құрайды. Салыстыру үшін айтсақ, НАТО-ның CAESAR өздігінен жүретін зеңбіректері минутына 6 оқ атады). Жарықшақ-фугасты снарядтармен атудың ең жоғарғы атыс қашықтығы 24 шақырымнан асады, ол 25 шақырымға дейін "Краснополь-М2" және 43 шақырымға дейін жететін "Краснополь-Д" басқарылатын оқ-дәрілері арқылы орындалады.
"Мальва" өздігінен жүретін атиллериялық қондырғысы Ресей армиясына бұған дейін қабылдаған "Акация", "Гвоздика", "Гиацинт", "Пион", "Тюльпан" өздігінен жүретін артиллериялық жүйелердің әлеуетін сан және сапа жағынан алмастырмайды, бірақ толықтырады. Қазіргі заманғы әскери іс-қимылдар жоғар маневрлілікті қажет ететіндіктен бұл қажеттілікті "Мальва" өтейтіні белгілі.
Дөңгелекті өздігінен жүретін зеңбіректер климаты жылы және жол желісі дамыған елдерде кеңінен таралған. Себебі мұндай жабдықты пайдалану орынды және мақсатқа сай. Мысалы, Қара теңіз аймағында Николаев және Одесса облыстарында жылы уақытта қоданылады. Еске салсақ, арнайы әскери операция аймағында Украина Қарулы күштері "Богдан" өздігінен жүретін дөңгелекті зеңбіректері мен НАТО-ның 155 мм калибрлі CAESAR гаубицасын қолданып жатыр.
Хроленконың пікірінше, "Мальва" арнайы әскери операция аймағында сұранысқа ие болады. Сонымен қатар бұл техника ресейлік артиллерия мен моторесурстарының мүмкіндіктерін арттырады.
"Мальва" өздігінеен жүретін артиллериялық жүйесі Нижний Новгородтағы "Буревестник" орталық ғылыми-зерттеу институтында әзірленді. Сондай-ақ КамАЗ-6550 шассиі негізіндегі "Коалиция-СВ" өздігінен жүретін зеңбіректерінің дөңгелекті нұсқасы да осында дайындалған. болашақта "Лотос", "Магнолия", "Флокс" өздігінен жүретін зеңбіректер де шығарылады деген жоспар бар.
Жалпы, әскери шолушы артиллерия жоғары қарқынды ұрыс қимылдарында жоғары сұранысқа ие екенін жазды. Арнайы әскери операция аймағында атыс күшімен қатар мобильділік басымдыққа ие болды. Қарсы тараптың ұшқышсыз ұшу аппараттарын және НАТО-ға тиесілі басқа заманауи барлау құралдарын пайдалануы ресейлік зеңбірекшілерден тапсырманы орындағаннан кейін позицияларын тез өзгертуді талап етеді.
Жалпы әскери операциялар барысында артиллерия атыс басымдығына ие, ол басқару, барлау және радиоэлектрондық соғыс жүйелерін қиратады, қарсыластың қорғаныс құрылымдарын және қорғаныстың тереңдігіне енген жау танкілерін жояды. Ұрыс даласында қолданылатын артиллериялық қарулардың және оқ-дәрілердің кең түрі атыс жүргізу бойынша міндеттерді дербес шешуге мүмкіндік береді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.