Қоғам

200 теңгелік қағаз ақшаны қабылдамай жатыр – Ұлттық банк мәлімдеме жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Ұлттық банк 200 теңгелік банкнота мен монета заңды төлем құралы және қабылдануға міндетті екенін мәлімдеді.
"Номиналы 200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны туралы арыз-шағымға байланысты Қазақстан Ұлттық банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын еске салады. Бұл банкноталар Қазақстанның барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті", - деп хабарлайды Ұлттық банк.
Қазақстан аумағында ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тартқандар "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодекстің 206-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады.
Сондай-ақ Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын атап өтті.
"Айналымдағы 200 теңгелік банкноталар заңды күшін жойған жоқ әрі тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады", - деп түсіндірді Ұлттық банк.
Қосымша сұрақтар туындаса, 1477 нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Қоғам
Теңгеде Ұлттық банк төрағасының қолы қайтадан пайда болады
Жаңалықтар
0