Қоғам

Сауда орталығында кішкентай қызды теуіп құлатқан түркиялық қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Алматы облысында сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде 4 жасар бүлдіршінді теуіп құлатқан Түркия азаматы екі айға қамауға алынды.
Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады.
"25 шілде күні Қарасай ауданының тергеу соты 1998 жылғы О. есімді күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге (тергеу кезеңінде) "қамауға алу" бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп жазды Әбдірахманов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айтуынша, 1996 жылғы К.есімді азаматтың арызымен Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық, яғни қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен қоғамдық тәртіпті аса қатыгездікпен бұзу" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу өндірісі жалғасып жатыр.
Еске салсақ, оқиға 23 шілде күні болды. Қарасай ауданында орналасқан сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде ер адам кішкентай баланы теуіп жіберген. Видео әлеуметтік желіде таралды.
Тәртіп сақшылары 4 жасар қызға дене жарақатын келтірген 1998 жылғы Түркия азаматын ұстап, полицияға жеткізді. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Түркия азаматы Алматы маңындағы сауда орталығында баланы теуіп құлатты
Жаңалықтар
0