Шымкентте 10 жасар бала фонтанға батып қайтыс болды

© Photo : Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментіШымкентте 10 жасар бала фонтанға батып қайтыс болды
Шымкентте 10 жасар бала фонтанға батып қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 шілде - Sputnik. Шымкентте 10 жастағы бала фонтанға батып кетті, деп хабарлайды Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 24 шілдеде сағат 19:30 да болған.
"Шымкент қаласы Қаратау ауданы Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқақта 2013 жылғы ер бала суға шомылып жүріп, оқиға орнында қайтыс болған. Жеткіншек ата-анасының қарауынсыз қалған. Қазіргі таңда полиция департаменті сот медициналық сараптама жасады", - дейді ведомство.
Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген, оның үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Суға шомылуға рұқсат етілмеген тыйым салынған 13 орын белгіленген.
"Жалпы департамент тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша су пайдалану қағидаларын бұзған 11 адамға 132 825 теңге айыппұл салынды, ал полиция департаментінің тарапынан 364-бап бойынша 12 адамға ескерту берілген. Осы кодекстің 440-бабы бойынша 4 адамға 37700 теңге айыппұл салынған", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.
Фонтан - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2022
Денсаулық
Фонтан суына шомылуға болмайды – мамандар алты себебін атады
Жаңалықтар
0