Өңірлер

Ақтөбеде газ құю станциясы өртенді

© Photo : Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментіАқтөбеде газ құю бекеті өртенді
Ақтөбеде газ құю бекеті өртенді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АҚТӨБЕ, 17 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы "Эталон газ" газ құю станциясында өрт шықты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 17 шілдеде сағат 00:07-де Қобда ауданы Самара-Шымкент тас жолының 616-шақырымындағы газ құю бекетінде болған.

"ЭТАЛОН газ" газ құю станциясының жерасты резервуарын газ тасығышпен толтыру кезінде өрт шықты. Резервуардан және газ тасығыштың артқы жағынан газ жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге 24 өрт сөндіруші мен 5 техника дереу жұмылдырылды", - дейді ведомство.

Абырой болғанда 20 тонналық жанармай тасымалдайтын көлік пен қасында тұрған газель көлігін өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге әкетіп, сақтап қалды. Өрттің себебі анықталып жатыр.
В городе Шемонаиха на заправочной станции газовых баллонов в результате взрыва начался пожар - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2023
Шығыс Қазақстанда газ стансасында болған жарылыстың алдын ала себебі белгілі болды
Жаңалықтар
0