Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір-бірімен текетіресіп жүрген қылмыстық топтарды ұстады

© Photo : пресс-служба КНБ РКАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Алматы, Орал және Ақсай қалаларында екі қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен және Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен бірге Алматы, Орал және Ақсай қалаларында екі қылмыстық топты ұстады.
"Бопсалау, бұзақылық және тонау күдігімен қылмыстық топтың 20 мүшесі ұсталды. Тінту кезінде атыс және суық қарулар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленді", - дейді ведомство.
ҰҚК айтуынша, күдіктілер бас пайдасы үшін бейбіт азаматтарды қорқытып, пайда тапқан. Ал қылмыстық топтан зәбір көргендер физикалық зорлық-зомбылықтан қауіптеніп, ішкі істер органдарына жүгінбеген.
"Қылмыстық топ мүшелері бұрын сотталғандар және деструктивті діни ағым өкілдері. Екі топтың мүшелері бір-бірімен текетіресте болған. Белгілі бір аймақтарда өз әмірін жүргізу үшін қаруланып, қақтығыстар жасаған", - дейді ҰҚК.
Құқық қорғау саласы бұдан кейін өңірдегі қылмыстық ахуал жақсарады деп үміттеніп отыр. Қазіргі күні қылмыстық топтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0