https://sputnik.kz/20230705/ortalyq-koshelerdi-zharqyratyp-qoyady-al-shetkeri-audandarga-konil-bolmeydi--toqaev-36568578.html
Орталық көшелерді жарқыратып қояды, ал шеткері аудандарға көңіл бөлмейді – Тоқаев
Орталық көшелерді жарқыратып қояды, ал шеткері аудандарға көңіл бөлмейді – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың шеткері аудандарына көңіл бөлінбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 05.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-05T10:47+0500
2023-07-05T10:47+0500
2023-07-05T10:47+0500
астана
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/1188/09/11880926_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_21b6908b2652b919bbc863f471afd180.jpg
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың шеткері аудандарына көңіл бөлінбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Орталық көшелерді ғана жарқыратып қойып, қаланың шеткері аудандарына көңіл бөлмеу әділетті қоғам идеясына сай келмейді. Үйлесімді әрі теңгерімді мегаполис үшін тиімді көлік жүйесінің, соның ішінде дамыған қоғамдық көліктің, ыңғайлы велосипед және жаяу жүргіншілер аумағының болуы аса маңызды", - деді Тоқаев елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумында.Айтуынша, технологияның, атап айтқанда жасанды интеллекттің қарыштап дамуы қалаларды барынша сапалы басқару үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. "Ақылды қала" тұжырымдамасын жүзеге асыру азаматтарға жаңа цифрлық қызмет ұсынуға, ғимараттардың энергия тұтыну тиімділігін айтарлықтай жетілдіруге, сондай-ақ көлік ағынын түбегейлі оңтайландырып, көшедегі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.Астанада елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумы өтіп жатыр. Форум аясында қалаларды дамытудың өзекті мәселелері және олардың қазіргі жаһандық өсу мен инновацияның басты орталықтары ретіндегі рөлі талқыланады.Шараға 17 қаладан мэрлер мен вице-мэрлер келген.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1188/09/11880926_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_4d5defed69f046737b9c67216a060cf3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, қасым-жомарт тоқаев
астана, қасым-жомарт тоқаев
Орталық көшелерді жарқыратып қояды, ал шеткері аудандарға көңіл бөлмейді – Тоқаев
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың шеткері аудандарына көңіл бөлінбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Орталық көшелерді ғана жарқыратып қойып, қаланың шеткері аудандарына көңіл бөлмеу әділетті қоғам идеясына сай келмейді. Үйлесімді әрі теңгерімді мегаполис үшін тиімді көлік жүйесінің, соның ішінде дамыған қоғамдық көліктің, ыңғайлы велосипед және жаяу жүргіншілер аумағының болуы аса маңызды", - деді Тоқаев елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумында.
Айтуынша, технологияның, атап айтқанда жасанды интеллекттің қарыштап дамуы қалаларды барынша сапалы басқару үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. "Ақылды қала" тұжырымдамасын жүзеге асыру азаматтарға жаңа цифрлық қызмет ұсынуға, ғимараттардың энергия тұтыну тиімділігін айтарлықтай жетілдіруге, сондай-ақ көлік ағынын түбегейлі оңтайландырып, көшедегі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.
"Бұл – біз үшін өзекті міндет. Сонымен қатар адамдарға өзара тығыз байланыс орнатуға көмектесіп, азаматтар мен бизнестің қаладағы өзекті проблемаларды көтеріп, оларды шеше алатын белсенді қоғамдастық құру ісіне атсалысуына ықпал етеді. Астана бұл бағытта дамып келеді және бірқатар жетістікке жетті", - деді мемлекет басшысы.
Астанада елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумы өтіп жатыр. Форум аясында қалаларды дамытудың өзекті мәселелері және олардың қазіргі жаһандық өсу мен инновацияның басты орталықтары ретіндегі рөлі талқыланады.
Шараға 17 қаладан мэрлер мен вице-мэрлер келген.