Қазақстанның батысында электр энергиясы бойынша қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиРабочий чинит линию электропередачи
Рабочий чинит линию электропередачи - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2023
Жазылу
Бұл Орал-Атырау-Маңғыстау желісі бойынша транзитке жүктеме түсірмеу үшін қажет
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Бүгін Қазақстанның батысында электр энергиясы бойынша қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы KEGOC компаниясының басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша Атырау энергия торабында шектеулер жоқ. Маңғыстау энергия торабы бойынша өнеркәсіптік тұтынушылар үшін 65 мегаватт көлемінде шектеу бар.
"Бұл шектеулер электр энергиясының тапшылығымен байланысты. Өйткені жылу станциясында қуаты 140 мегаватт 1 блогы әлі іске қосылған жоқ, өтінім – жұма сағат бірге дейін. Сондай-ақ қуаты 220 мегаватт ""Karabatan Utility Solutions" ГТС-те 40 сағатқа санкциялық бұғат қосылу салдарынан генерация толығымен жоғалған. Өтініш ертең сағат 12.00-ге дейін", - деді Молдабаев үкімет отырысында.
Ол бүгін республиканың батысында электр энергиясы бойынша шектеулер енгізілуі мүмкін екенін ескертті.
"Бүгін электр энергиясын тұтыну өскен жағдайда қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін. Бұл Орал-Атырау-Маңғыстау желісі бойынша транзитке жүктеме түсірмеу үшін қажет", - деді KEGOC басшысы.
Осыған байланысты Молдабаев өңірдегі электр станцияларының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін Батыс аймақтың электр станцияларының жүйелі реттегіштерін тексеру қажет жеп санайды.
Еске салсақ, 3 шілде күні МАЭК энергоблоктарының бірі істен шықты. Соның салдарынан Маңғыстау мен Атырау облыстарында өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.
Жаңалықтар
0