https://sputnik.kz/20230620/toqaev-kuzde-germaniyaga-saparmen-barady-36150111.html
Тоқаев күзде Германияға сапармен барады
Тоқаев күзде Германияға сапармен барады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен шағын құрамда өткен... 20.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-20T11:19+0500
2023-06-20T11:19+0500
2023-06-20T11:20+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/06/14/36149935_11:0:1270:708_1920x0_80_0_0_10d37494fcb8d3b2e3c19af7dbff793e.jpg
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен шағын құрамда өткен кездесуде қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Тоқаев күзде Германияға сапармен баратынын айтты.Келіссөзде саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.Тет-а-тет форматындағы келіссөздер достық рухында өтті және конструктивті әрі мазмұнды болды. Екіжақты экономикалық күн тәртібінің бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 19-21 маусым күндері Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.Сапар аясында екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Германияның Федералды президенті Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, екі ел президенттері қазақ-герман бизнес форумына қатысады.Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып, өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады.
https://sputnik.kz/20230620/toqaev-aqordada-germaniya-prezidentin-qarsy-aldy-36139050.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/14/36149935_168:0:1112:708_1920x0_80_0_0_1690080efb1df61fa3041b5af119a4d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен шағын құрамда өткен кездесуде қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев күзде Германияға сапармен баратынын айтты.
"Мен қыркүйекте Германияға жоспарлаған сапарымнан зор үміт күтемін. Сондай-ақ сіздің Маңғыстауға бару туралы шешіміңізді жоғары бағалаймын. Менің ойымша, бұл бизнес ынтымақтастықтағы жетістіктеріміздің көрсеткіші болады",- деді президент.
Келіссөзде саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Тет-а-тет форматындағы келіссөздер достық рухында өтті және конструктивті әрі мазмұнды болды. Екіжақты экономикалық күн тәртібінің бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 19-21 маусым күндері Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Сапар аясында екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Германияның Федералды президенті Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, екі ел президенттері қазақ-герман бизнес форумына қатысады.
Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып, өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады.