https://sputnik.kz/20230531/qaragandylyq-diqandar-shygynga-batty-35452192.html
Тыңайтқыш бағасы 2,5 есе қымбаттаған: қарағандылық шаруалар шығынға батты
Тыңайтқыш бағасы 2,5 есе қымбаттаған: қарағандылық шаруалар шығынға батты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысында егін егу науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды "Хабар 24". 31.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-31T07:03+0500
2023-05-31T07:03+0500
2023-05-31T07:14+0500
қарағанды
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/648/33/6483347_0:78:1503:923_1920x0_80_0_0_2dea4b55d335e66a77f6405086ac5338.jpg
АСТАНА, 31 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысында егін егу науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды "Хабар 24". Алайда диқандар көктемгі дала жұмыстарының ауыр өткенін айтады. Тыңайтқыштар мен гербицидтердің, техника мен қосалқы бөлшектердің бағасы бірден 2,5 есе шарықтап, шаруаларға біраз нәрседен бас тартуға тура келген. Енді егін бітік шықпаса, шығынға батамыз деп отыр. Қарағанды облысындағы ең көп егін салатын ірі шаруашылықтың алқабы биыл 36 мың гектар жерге дәнді-дақыл сіңірген. Көктемде қар суы топыраққа мол сіңгенімен, аңызақ жел жерді кептіріп барады, дейді диқандар. Сондықтан қымбат болса да, тыңайтқышты көптеп пайдалануға мәжбүр. Өйтпесе, өнім болмайды. Диқандардың есебі бойынша, енді ең болмаса кеткен шығынды жабу үшін күзде кемінде әр гектарына 15 центнерден өнім жинау керек. Бірақ, өкінішке қарай, биыл керісінше бидай мен көкөністің құны 2 есе төмендеген. Шаруалар мұны әлемде болып жатқан геосаяси ахуалмен байланыстырады. Диқандар субсидияның да уақытылы берілмейтініне қапалы. Жаңа жүйе әлі дұрыс жұмыс істемейді деп отыр. Бірер күн бұрын тұқымға алған, ал тыңайтқыш пен гербицидтің ақшасы әлі аударылмапты. Бұлай жалғаса берсе, егін салудың өзі қиямет-қайымға айналады.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/648/33/6483347_85:0:1418:1000_1920x0_80_0_0_dae2b9236f85e868094d8edc4342e660.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, ауыл шаруашылығы
қарағанды, ауыл шаруашылығы
Тыңайтқыш бағасы 2,5 есе қымбаттаған: қарағандылық шаруалар шығынға батты
07:03 31.05.2023 (жаңартылды: 07:14 31.05.2023) АСТАНА, 31 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысында егін егу науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды
"Хабар 24". Алайда диқандар көктемгі дала жұмыстарының ауыр өткенін айтады.
Тыңайтқыштар мен гербицидтердің, техника мен қосалқы бөлшектердің бағасы бірден 2,5 есе шарықтап, шаруаларға біраз нәрседен бас тартуға тура келген. Енді егін бітік шықпаса, шығынға батамыз деп отыр.
Қарағанды облысындағы ең көп егін салатын ірі шаруашылықтың алқабы биыл 36 мың гектар жерге дәнді-дақыл сіңірген. Көктемде қар суы топыраққа мол сіңгенімен, аңызақ жел жерді кептіріп барады, дейді диқандар.
Сондықтан қымбат болса да, тыңайтқышты көптеп пайдалануға мәжбүр. Өйтпесе, өнім болмайды.
Диқандардың есебі бойынша, енді ең болмаса кеткен шығынды жабу үшін күзде кемінде әр гектарына 15 центнерден өнім жинау керек. Бірақ, өкінішке қарай, биыл керісінше бидай мен көкөністің құны 2 есе төмендеген. Шаруалар мұны әлемде болып жатқан геосаяси ахуалмен байланыстырады.
"Өнімнің құны өте төмендеп кетті. Картоптың келісін 100 теңгеден сатып жатырмыз. Көкөністі 7 жыл бойы егіп келемін, ешқашан баға бұлай құлдырамаған. 170-180 теңгенің шамасында болатын. Бидай бағасы да бірден 2 есеге арзандап кетті. Қазір тоннасын 90 мыңға әзер өткіземіз. Өткен жылы 180 мыңнан саудалағанбыз", - дейді шаруа Георгий Прокоп.
Диқандар субсидияның да уақытылы берілмейтініне қапалы. Жаңа жүйе әлі дұрыс жұмыс істемейді деп отыр. Бірер күн бұрын тұқымға алған, ал тыңайтқыш пен гербицидтің ақшасы әлі аударылмапты. Бұлай жалғаса берсе, егін салудың өзі қиямет-қайымға айналады.