https://sputnik.kz/20230525/minskte-uqshu-qorganys-ministrleri-kezdesedi-35243366.html
Минскте ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кездеседі
Минскте ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кездеседі
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Бүгін Минскте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлады ұйымның баспасөз хатшысы... 25.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-25T13:20+0600
2023-05-25T13:20+0600
2023-05-25T13:20+0600
ұқшұ
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/05/19/35242261_0:153:3096:1895_1920x0_80_0_0_8a1416ccb91f114d57e050a4ef93d4c0.jpg
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Бүгін Минскте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлады ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов.Форумға Беларусь Республикасы қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хренин төрағалық етеді.Баспасөз хатшысының мәліметінше, жиынға ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы генерал-полковник Анатолий Сидоров, ұйымға мүше елдердің қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.Оның айтуынша, отырыс барысында ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын құру және басқару органдарын бірлесіп даярлауға, әскери-техникалық ынтымақтастыққа және тағы басқаларға қатысты құжаттарды қарау жоспарланып отыр.ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/19/35242261_183:0:2914:2048_1920x0_80_0_0_90d7d24cc19526c3a047e137fd9f990a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
ұқшұ
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Бүгін Минскте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлады ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов.
Форумға Беларусь Республикасы қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хренин төрағалық етеді.
Баспасөз хатшысының мәліметінше, жиынға ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы генерал-полковник Анатолий Сидоров, ұйымға мүше елдердің қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.
"Отырыс қатысушылары ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери қауіпсіздікке төнген сын-қатерлерді, сондай-ақ дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылайды", - деді Зайнетдинов.
Оның айтуынша, отырыс барысында ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын құру және басқару органдарын бірлесіп даярлауға, әскери-техникалық ынтымақтастыққа және тағы басқаларға қатысты құжаттарды қарау жоспарланып отыр.
ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.