https://sputnik.kz/20230427/shilde-ayynan-bastap-7-zhane-odan-kop-balasy-bar-analardyn-zhardemaqysy-osedi-34337818.html
Шілде айынан бастап 7 және одан көп баласы бар аналардың жәрдемақысы өседі
Шілде айынан бастап 7 және одан көп баласы бар аналардың жәрдемақысы өседі
Sputnik Қазақстан
Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға берілетін жәрдемақы 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артады
2023-04-27T09:19+0500
2023-04-27T09:19+0500
2023-04-27T09:19+0500
қоғам
жәрдемақы
көпбалалы отбасы
https://sputnik.kz/img/1362/74/13627456_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_d1350a210771a65fe1c0878de9850a32.jpg
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға берілетін жәрдемақы 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артады.Биыл 7,4 АЕК-тің мөлшері – 25 530 теңге. Ол 90 мыңға жуық марапатталған анаға төленеді.Әлеуметтік кодекстің жаңашылдықтарының бірі – "Наградталған ана" деген жаңа ұғымды енгізу. Бұл мәртебе "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.Министрлік ақпаратынша, бүгінгі таңда 6, 7 және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Ал Әлеуметтік кодексте наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделген.Жәрдемақы алушыларға 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оның мөлшерін арттыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1362/74/13627456_910:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_ca959d54d1133c88aaa650eafe86f8e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрдемақы 2023 көпбалалы аналар пособия алтын алқа күміс алқа
жәрдемақы 2023 көпбалалы аналар пособия алтын алқа күміс алқа
Шілде айынан бастап 7 және одан көп баласы бар аналардың жәрдемақысы өседі
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға берілетін жәрдемақы 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артады.
Биыл 7,4 АЕК-тің мөлшері – 25 530 теңге. Ол 90 мыңға жуық марапатталған анаға төленеді.
"2023 жылғы 1 шілдеден бастап республикалық бюджеттен "Алтын алқа" алған, "Батыр ана" атағы бар, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін (2023 жылы – 25 530 теңге) өседі. Тиісті норма Әлеуметтік кодексте көзделген", - деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Әлеуметтік кодекстің жаңашылдықтарының бірі – "Наградталған ана" деген жаңа ұғымды енгізу. Бұл мәртебе "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.
Министрлік ақпаратынша, бүгінгі таңда 6, 7 және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Ал Әлеуметтік кодексте наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделген.
Жәрдемақы алушыларға 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оның мөлшерін арттыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.