https://sputnik.kz/20230427/danqty-otandastarymyzdy-shetelde-unemi-qazaqtar-dep-ataydy-bul-tabigi-qubylys--toqaev-34344173.html
Отандастарымызды шыққан тегіне қарамастан шетелде үнемі қазақтар деп атайды – Тоқаев
Отандастарымызды шыққан тегіне қарамастан шетелде үнемі қазақтар деп атайды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының барлығы өздерін үлкен әрі біртұтас қазақ отбасының мүшесі сезінетінін... 27.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-27T10:27+0500
2023-04-27T10:27+0500
2023-04-27T10:34+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1b/34343652_0:28:1280:748_1920x0_80_0_0_3fd0f58b06d3d89db045b4c77b122d5c.jpg
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының барлығы өздерін үлкен әрі біртұтас қазақ отбасының мүшесі сезінетінін айтты.Оның айтуынша, біздің қоғам – ортақ идеалдар мен құндылықтар біріктірген еркін әрі жауапкершілігі мол азаматтардың одағы."Бұл – жалпыұлттық бірегейлігіміздің тағы бір жарқын көрінісі. Сондықтан бүгінде азаматтарымыздың барлығы өздерін үлкен әрі біртұтас қазақ отбасының, шын мәнінде, қазақ ұлтының мүшесі сезінеді. Біз бәріміз – бір отбасымыз. Бұл – артық айтқандық емес. Бұл – біздің шынайы болмысымыз. Осы ретте біз мақтаныш ететін этномәдени әралуандығымыз ешқайда жоғалып кетпейді. Керісінше, біртұтас азаматтық негіз есебінен нығая түседі", - дейді Тоқаев.Ол елімізде түрлі мәдениет дәстүрлері жалпыұлттық бірегейліктің берік іргетасы болып қаланатын өзімізге тән айрықша өмір сүру салты қалыптасқанын атап өтті."Осынау ерекше бірегейлігіміз уақыт тезіне төтеп беріп, қоғамдық сананың өзегіне айналды", - деп санайды президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1b/34343652_124:0:1157:775_1920x0_80_0_0_81538425bdc4d45243cae3efec5ec2a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Отандастарымызды шыққан тегіне қарамастан шетелде үнемі қазақтар деп атайды – Тоқаев
10:27 27.04.2023 (жаңартылды: 10:34 27.04.2023) АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының барлығы өздерін үлкен әрі біртұтас қазақ отбасының мүшесі сезінетінін айтты.
"Даңқты отандастарымызды, спортшыларымызды, мәдениет қайраткерлерімізді, ғалымдарымыз бен студенттерімізді, кәсіпкерлерімізді шыққан тегіне қарамастан, шетелде үнемі қазақтар деп атайды. Бұл – табиғи құбылыс. Солай болуға тиіс", - дейді президент Астанада өтіп жатқан ҚХА-ның ХХХІІ сессиясының отырысында.
Оның айтуынша, біздің қоғам – ортақ идеалдар мен құндылықтар біріктірген еркін әрі жауапкершілігі мол азаматтардың одағы.
"Бұл – жалпыұлттық бірегейлігіміздің тағы бір жарқын көрінісі. Сондықтан бүгінде азаматтарымыздың барлығы өздерін үлкен әрі біртұтас қазақ отбасының, шын мәнінде, қазақ ұлтының мүшесі сезінеді. Біз бәріміз – бір отбасымыз. Бұл – артық айтқандық емес. Бұл – біздің шынайы болмысымыз. Осы ретте біз мақтаныш ететін этномәдени әралуандығымыз ешқайда жоғалып кетпейді. Керісінше, біртұтас азаматтық негіз есебінен нығая түседі", - дейді Тоқаев.
Ол елімізде түрлі мәдениет дәстүрлері жалпыұлттық бірегейліктің берік іргетасы болып қаланатын өзімізге тән айрықша өмір сүру салты қалыптасқанын атап өтті.
"Осынау ерекше бірегейлігіміз уақыт тезіне төтеп беріп, қоғамдық сананың өзегіне айналды", - деп санайды президент.