Қазақстан Қырғызстанда "Қамбарата ГЭС-1 құрылысын" салуға көмектеседі

© Photo : пресс-служба правительства КыргызстанаПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин прибыл с официальным визитом в Кыргызстан
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин прибыл с официальным визитом в Кыргызстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі 2023 жылғы 6 сәуірде сағат 11.00 – де Қырғызстанда салынатын "Қамбарата ГЭС-1- құрылысына" арналған Бішкек - Астана бейнекөпірін өткізеді.
Сарапшылар биыл қаңтардың басында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетика министрлері қабылдаған осы ірі жобаны іске асыру жөніндегі жол картасын талқылайды. Қамбарата ГЭС-1 Қырғызстандағы ең ірі электр станциясына айналады, ол Орталық Азия елдерін электр энергиясымен қамтамасыз етеді және өңірді сумен қамтамасыз етуді тұрақтандырады деп жоспарланып отыр.
Бейнкөпірге қатысушылар:
Астанада: Темірханов Талғат Кеңесұлы, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы (Астанадағы баспасөз орталығында)
Әбілдаев Алмаз Сызғанбекұлы, энергетика саласындағы сарапшы, Қазақстан энергетика министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі (онлайн)
Бішкекте: Рахимов Кубат Қалыұлы-экономист, "Аппликата"стратегиялық шешімдер орталығының атқарушы директоры
Әлиев Ибрагим Есенұлы - "Электр станциялары" ААҚ перспективалық даму және күрделі құрылыс бөлімі бастығының орынбасары
Іс-шараны Sputnik Қазақстан және Sputnik Қырғызстан ақпараттық агенттіктері ұйымдастырды.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Қамбарата ГЭС әлеуеті және оның техникалық сипаттамалары
2. Жобаның экономикалық жағы: екі елдің пайдасы мен болашағы. Өтетін орны: Астана қаласы Sputnik Қазақстан баспасөз орталығы, Қонаев к-сі, 10, 31 қабат.
Дөңгелек үстелдің көрсетілімі Sputnik Қазақстан сайтында және Вконтакте әлеуметтік желісіндегі сайт бетінде 5 сәуірде сағат 11:00-де (Астана уақыты бойынша) тікелей эфирде өтеді.
Құрметті журналистер, іс-шараға аккредиттеу мәселелері бойынша мына телефон нөмірлері арқылы хабарласыңыздар: +7 (7172) 472673, + 7 707 854 4162 немесе e-mail: sputnik.kazakhstan@gmail.com
Жаңалықтар
0