https://sputnik.kz/20230330/qazaqstan-zhana-premer-ministri-33422819.html
Әлихан Смайылов қайта премьер-министр болып тағайындалды
Әлихан Смайылов қайта премьер-министр болып тағайындалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Жаңадан құрылатын үкіметті 50 жастағы Әлихан Смайылов басқарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 30.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-30T10:51+0500
2023-03-30T10:51+0500
2023-03-30T11:12+0500
саясат
әлихан смайылов
премьер-министр
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1d/30751022_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_1dc10035cd63c507db838968b1619097.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Жаңадан құрылатын үкіметті 50 жастағы Әлихан Смайылов басқарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.29 наурызда президент парламент палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынатынын, жауапкершілік те сол партияға жүктелетінін мәлімдеген болатын. Amanat партиясы көп ойланған жоқ. Бүгін мәжіліс спикері, партия төрағасы Ерлан Қошанов Тоқаевтың қабылдауында болды. Аманаттықтар үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловты лайық көрген. Осыдан кейін мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен талқылады. "Ата заңымыздың 44-бабына сәйкес, премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын. Баршаңыз бұл азаматты жақсы танисыздар. Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адал, еңбекқор адам. Ол үкіметтің алдында тұрған міндеттерді жақсы біледі. Оған жаңа үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын", - деді Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Смайыловтың кандитатурасын қолдаған жоқ. Дауыс беру кезінде 82 депутат Смайыловты қайта тағайындауды қолдады. 7 адам қарсы шықты. 8 адам қалыс қалды.Айта кетері, Әлихан Смайылов министрлер кабинетін былтырдан бері басқарып келеді.Еске салсақ, кеше президент жарлығымен үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды. Министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.Конституцияның 70-бабы 1-тармағы мен "Қазақстан үкіметі туралы" конституциялық заңының 4-бабы бойынша жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында үкіметтің өкілеттігі доғарылады.Смайыловтың өмірбаяныӘлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматыда дүниеге келген.1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдайды. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.Әр жылдары қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" Ұлттық холдинг президенті, статистика агенттігінің төрағасы, Қазақстан президентінің көмекшісі, қаржы министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.2022 жылы қаңтарда премьер-министр қызметіне тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1d/30751022_230:105:1049:720_1920x0_80_0_0_06eeecc29fb0fe2b456026f977b57eea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, премьер-министр
әлихан смайылов, премьер-министр
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Жаңадан құрылатын үкіметті 50 жастағы Әлихан Смайылов басқарады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
29 наурызда президент парламент палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынатынын, жауапкершілік те сол партияға жүктелетінін мәлімдеген болатын. Amanat партиясы көп ойланған жоқ. Бүгін мәжіліс спикері, партия төрағасы Ерлан Қошанов Тоқаевтың қабылдауында болды. Аманаттықтар үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловты лайық көрген.
Осыдан кейін мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен талқылады.
"Ата заңымыздың 44-бабына сәйкес, премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын. Баршаңыз бұл азаматты жақсы танисыздар. Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адал, еңбекқор адам. Ол үкіметтің алдында тұрған міндеттерді жақсы біледі. Оған жаңа үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын", - деді Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Смайыловтың кандитатурасын қолдаған жоқ.
Дауыс беру кезінде 82 депутат Смайыловты қайта тағайындауды қолдады. 7 адам қарсы шықты. 8 адам қалыс қалды.
Айта кетері, Әлихан Смайылов министрлер кабинетін былтырдан бері басқарып келеді.
Еске салсақ, кеше президент жарлығымен үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды. Министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.
Конституцияның 70-бабы 1-тармағы мен "Қазақстан үкіметі туралы" конституциялық заңының 4-бабы бойынша жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында үкіметтің өкілеттігі доғарылады.
Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматыда дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдайды. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.
Әр жылдары қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" Ұлттық холдинг президенті, статистика агенттігінің төрағасы, Қазақстан президентінің көмекшісі, қаржы министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
2022 жылы қаңтарда премьер-министр қызметіне тағайындалды.