https://sputnik.kz/20230319/qazaqstan-mazhilis-maslikhat-deputattar-saylau-33029151.html
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы басталды
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы басталды
Кейбір өңірлерде сайлау учаскелері Астана уақытымен сағат таңғы сегізде ашылады 19.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-19T07:00+0600
2023-03-19T07:00+0600
2023-03-19T07:00+0600
саясат
мәжіліс сайлауы
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0a/15975815_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_be88c982e5ff8d1a14df2423725be9e5.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жалпы республика бойынша 10 223 сайлау учаскесі құрылған. 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі жұмыс істейді.Елдің басым бөлігінде сайлау учаскелері Астана уақытымен таңғы 07.00-де ашылды. Тек бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат жетіде, елорда уақытымен таңғы сегізде басталады.Кейбір өңірлерде аумақтық комиссиялардың шешімімен дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы 06.00-де басталып кетті.Сайлауға кімдер түседіБиыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады.Мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласады:Бұдан бөлек, бюллетеньге "Бәрімін қарсымын" тармағы қосылған.Сайлаушыларға бес бюллетень беріледіПарламенттік сайлауда 12 миллионнан астам қазақстандық дауыс беруге құқылы.Биылғы сайлаудың жөні бөлек. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір уақытта өтетіндіктен, сайлаушыларға бес түрлі бюллетень беріледі.Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарына аудандық мәслихат болмағандықтан 4 бюллетень ұсынылады. Ал қалған облыстарда сайлаушылар бес бюллетень алады.Бюллетеньдердің түсі де әртүрлі:Дауыс беру жергілікті уақытпен кешкі 20.00-ге дейін жалғасады. Осыдан кейін дауыстарды санау басталады. Дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауға тиіс.Цифрлық куәлік жарамдыСайлау учаскесіне келген сайлаушылар бюллетеньді алу үшін жеке куәлігін көрсетеді. Азаматтарға цифрлық құжатпен де дауыс беруге рұқсат етіліп отыр.Электронды жеке куәлікті eGov mobile қосымшасынан, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшаларынан көрсетуге болады.Әрбір сайлаушы бюллетеньді алғаны туралы сайлаушылар тiзiміне қол қояды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0a/15975815_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_c3a58c22f7b4a1e43e91824445f12160.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
мәжіліс сайлауы
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы басталды
Кейбір өңірлерде сайлау учаскелері Астана уақытымен сағат таңғы сегізде ашылады
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жалпы республика бойынша 10 223 сайлау учаскесі құрылған. 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Елдің басым бөлігінде сайлау учаскелері Астана уақытымен таңғы 07.00-де ашылды. Тек бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат жетіде, елорда уақытымен таңғы сегізде басталады.
Кейбір өңірлерде аумақтық комиссиялардың шешімімен дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы 06.00-де басталып кетті.
Сайлауға кімдер түседі
Биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласады:
"Байтақ" жасылдар партиясы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
Бұдан бөлек, бюллетеньге "Бәрімін қарсымын" тармағы қосылған.
Сайлаушыларға бес бюллетень беріледі
Парламенттік сайлауда 12 миллионнан астам қазақстандық дауыс беруге құқылы.
Биылғы сайлаудың жөні бөлек. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір уақытта өтетіндіктен, сайлаушыларға бес түрлі бюллетень беріледі.
Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарына аудандық мәслихат болмағандықтан 4 бюллетень ұсынылады. Ал қалған облыстарда сайлаушылар бес бюллетень алады.
Бюллетеньдердің түсі де әртүрлі:
көгілдір – мәжілістегі партияға дауыс беру үшін;
жасыл – мәжілістегі бір мандатты депутатқа дауыс беру үшін;
күлгін – партиялық тізімдер бойынша облыс немесе қала мәслихатының депутаттарына дауыс беру үшін;
қызғылт сары – бір мандатты округтер бойынша қала немесе облыс мәслихатының депутаттарына дауыс беру үшін;
сұр түсті бюллетень – қала немесе аудан мәслихатының депутаттарына дауыс беру үшін.
Дауыс беру жергілікті уақытпен кешкі 20.00-ге дейін жалғасады. Осыдан кейін дауыстарды санау басталады. Дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауға тиіс.
Цифрлық куәлік жарамды
Сайлау учаскесіне келген сайлаушылар бюллетеньді алу үшін жеке куәлігін көрсетеді. Азаматтарға цифрлық құжатпен де дауыс беруге рұқсат етіліп отыр.
Электронды жеке куәлікті eGov mobile қосымшасынан, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшаларынан көрсетуге болады.
Әрбір сайлаушы бюллетеньді алғаны туралы сайлаушылар тiзiміне қол қояды.