Лондон мен Лиссабонда сайлау учаскелері ашылды
© Photo : пресс-служба МИД КазахстанаЛондон және Лиссабон қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады,

© Photo : пресс-служба МИД Казахстана
Жазылу
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Лондон және Лиссабон қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін ведомство Вильнюс, Тель-Авив, Афины, София, Бухарест, Таллин, Хельсинки, Рига, Каир, Претория, Берлин, Париж, Мадрид, Варшава, Вена, Брюссель,Берн, Прага, Будапешт, Рим, Гаага, Братислава, Загреб, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Рабат, Осло және Стокгольмда сайлау учаскелері ашылғанын хабарлады.
Сайлауға кімдер түседі
Биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласады:
Amanat партиясы
"Ауыл" партиясы
Respublika партиясы
Қазақстан халық партиясы
"Байтақ" жасылдар партиясы
"Ақ жол" партиясы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
Бұдан бөлек, бюллетеньге "Бәрімін қарсымын" тармағы қосылған.