https://sputnik.kz/20230315/qobda-audanynda-totenshe-zhagday-zhariyalandy-32938382.html
Қобда ауданындағы тасқын: қандай шаралар атқарылып жатыр
Қобда ауданындағы тасқын: қандай шаралар атқарылып жатыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының Қобда ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлады "Мой город" порталы. 15.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-15T11:26+0500
2023-03-15T11:26+0500
2023-03-15T15:01+0500
су тасқыны
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/09/32795888_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_b06bc9c256f0254cfbe02949830e8560.jpg
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының Қобда ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлады "Мой город" порталы.Мұндай шешімді Қобда ауданының әкімі Болат Құлов қабылдаған.Аудан орталығына қызыл су 13 наурызда келе бастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, небәрі бір сағатта сел үйлер мен аулаларды басып қалған.Облыс әкімдігінің мәліметінше, 51 тұрғын үй, "Айди" кафесі судың астында қалды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 91 адам эвакуацияланды. Ауылда арнайы техника жұмыс істейді, көшелерге инертті материалдар себіліп, қаптар төселіп, қызыл су сорылып жатыр.13-14 наурыз аралығында түнде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аудан орталығының су басуын болдырмау үшін Самара — Шымкент халықаралық маңызы бар жолдың 613-ші шақырымының бір бөлігін ашу туралы шешім қабылданды. 14 наурызда сағат 19:10-да автомобиль жолы көлік қозғалысы үшін ашылды.14 наурызда Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауылында болып, тұрғындармен кездесіп, әрбір зардап шеккен отбасына көмек көрсетілетін айтты. Ол үшін арнайы комиссия құрылған.Аудандағы осындай су тасқыны соңғы рет 1993 жылы болған.
https://sputnik.kz/20230315/batys-qazaqstanda-su-tasqynyna-qarsy-zhumystar-zhalgasyp-zhatyr-32937126.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/09/32795888_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_27214b325186be610ff9a739704a657f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, ақтөбе облысы
су тасқыны, ақтөбе облысы
Қобда ауданындағы тасқын: қандай шаралар атқарылып жатыр
11:26 15.03.2023 (жаңартылды: 15:01 15.03.2023) АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының Қобда ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлады "
Мой город" порталы.
Мұндай шешімді Қобда ауданының әкімі Болат Құлов қабылдаған.
Аудан орталығына қызыл су 13 наурызда келе бастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, небәрі бір сағатта сел үйлер мен аулаларды басып қалған.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 51 тұрғын үй, "Айди" кафесі судың астында қалды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 91 адам эвакуацияланды. Ауылда арнайы техника жұмыс істейді, көшелерге инертті материалдар себіліп, қаптар төселіп, қызыл су сорылып жатыр.
13-14 наурыз аралығында түнде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аудан орталығының су басуын болдырмау үшін Самара — Шымкент халықаралық маңызы бар жолдың 613-ші шақырымының бір бөлігін ашу туралы шешім қабылданды. 14 наурызда сағат 19:10-да автомобиль жолы көлік қозғалысы үшін ашылды.
14 наурызда Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауылында болып, тұрғындармен кездесіп, әрбір зардап шеккен отбасына көмек көрсетілетін айтты. Ол үшін арнайы комиссия құрылған.
Аудандағы осындай су тасқыны соңғы рет 1993 жылы болған.