https://sputnik.kz/20230313/qazaqstan-men-ozbekstan-birlesken-fabrika-sanyn-kobeytpek-32856396.html
Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен фабрика санын көбейтпек
Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен фабрика санын көбейтпек
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 наурыз - Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан жеңіл өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ, деп хабарлайды 24.kz. 13.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-13T07:00+0500
2023-03-13T07:00+0500
2023-03-13T07:00+0500
қазақстан
өзбекстан
өндіріс
https://sputnik.kz/img/109/22/1092298_0:102:1971:1211_1920x0_80_0_0_0bb626278dcf2ba2e8f0564da1184675.jpg
АСТАНА, 13 наурыз - Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан жеңіл өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ, деп хабарлайды 24.kz.Қос мемлекеттің бірлескен жол картасында тігін фабрикаларын көбейтіп, тоқыма кластерін ұйымдастыруға басымдық берілген. Осыған орай Шымкенттегі тоқырауға ұшыраған кәсіпорындарда көрші елдің тәжірибесі қолданылады.Шымкентте жеңіл өнеркәсіп саласында екі елдің бірлескен бір ғана тігін фабрикасы жұмыс істейді. 2019 жылы құрылған кәсіпорында 120 адам тұрақты еңбек етеді. Ресей мен Түркіменстан еліндегі арнайы мекемелерге жұмыс формасын тігіп, ішкі нарыққа киім-кешек саудалайды. Осылайша ісмерлікті кәсіп қылған мамандар жылына 1 миллиард теңгенің өнімін шығарады.Арнайы экономикалық аймақта жеңіл өнеркәсіпті жолға қойған отыздан астам орта және ірі кәсіпорын бар. Көбі қажетті шикізатты көрші елдерден тасымалдайды. Өйткені өңірдегі шаруа қожалықтары шитті мақтаны көршілес елдерге саудалап келіпті. Жауапты мамандар биыл мақташылар мен жергілікті кәсіпкерлер арасында ортақ келісім жасалғанын айтады.Өткен жылы аймақтағы өндірістік орындар 9 мың тонна мақта өнімін қайта өңдеді. Ал қос елдің үкімет басшылары қол қойған жаңартылған жол картасында тоқыма кластерін ұйымдастыруға ерекше екпін берілген. Енді тұралаған кәсіпорындарды қайта іске қосқандар коммуналдық төлемдерге жеңілдік алып, салықтық міндеттеменің бір бөлігінен босатылады. Мамандар мұндай қолдаудың арқасында жеңіл өнеркәсіпке серпін беретін жаңа жобалардың көбейетініне сенім білдіріп отыр.
қазақстан
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/109/22/1092298_111:0:1860:1312_1920x0_80_0_0_a92c2f6d9ce18616b24090121ad5c0fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, өзбекстан, өндіріс
қазақстан, өзбекстан, өндіріс
Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен фабрика санын көбейтпек
АСТАНА, 13 наурыз - Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан жеңіл өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ, деп хабарлайды
24.kz. Қос мемлекеттің бірлескен жол картасында тігін фабрикаларын көбейтіп, тоқыма кластерін ұйымдастыруға басымдық берілген. Осыған орай Шымкенттегі тоқырауға ұшыраған кәсіпорындарда көрші елдің тәжірибесі қолданылады.
Шымкентте жеңіл өнеркәсіп саласында екі елдің бірлескен бір ғана тігін фабрикасы жұмыс істейді. 2019 жылы құрылған кәсіпорында 120 адам тұрақты еңбек етеді. Ресей мен Түркіменстан еліндегі арнайы мекемелерге жұмыс формасын тігіп, ішкі нарыққа киім-кешек саудалайды. Осылайша ісмерлікті кәсіп қылған мамандар жылына 1 миллиард теңгенің өнімін шығарады.
Арнайы экономикалық аймақта жеңіл өнеркәсіпті жолға қойған отыздан астам орта және ірі кәсіпорын бар. Көбі қажетті шикізатты көрші елдерден тасымалдайды. Өйткені өңірдегі шаруа қожалықтары шитті мақтаны көршілес елдерге саудалап келіпті. Жауапты мамандар биыл мақташылар мен жергілікті кәсіпкерлер арасында ортақ келісім жасалғанын айтады.
"Қазіргі таңда кәсіпорындар осы шаруа қожалықтарымен бірлесе отырып жұмыс істеп жатыр. Келісім шарттар құрып жатыр. Форвардтық, фьючерстік келісім шарттар құрылды. Енді алдағы уақытта өзекті мәселелер болмайды деп ойлаймыз", - дейді қалалық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов.
Өткен жылы аймақтағы өндірістік орындар 9 мың тонна мақта өнімін қайта өңдеді. Ал қос елдің үкімет басшылары қол қойған жаңартылған жол картасында тоқыма кластерін ұйымдастыруға ерекше екпін берілген.
Енді тұралаған кәсіпорындарды қайта іске қосқандар коммуналдық төлемдерге жеңілдік алып, салықтық міндеттеменің бір бөлігінен босатылады. Мамандар мұндай қолдаудың арқасында жеңіл өнеркәсіпке серпін беретін жаңа жобалардың көбейетініне сенім білдіріп отыр.