https://sputnik.kz/20230309/almaty-oblysynda-500-otbasy-auyldan-shyga-almay-qaldy-32777489.html
Алматы облысында 500 отбасы ауылдан шыға алмай қалды
Алматы облысында 500 отбасы ауылдан шыға алмай қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Байтөбе ауылының тұрғындары баспанасына тау асып, батпақ кешіп әрең жетіп жүр, деп хабарлады... 09.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-09T10:48+0500
2023-03-09T10:48+0500
2023-03-09T10:48+0500
алматы облысы
ауыл
https://sputnik.kz/img/1059/24/10592423_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_f0e9055b74927f487e1d2cd0fe7f6632.jpg
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Байтөбе ауылының тұрғындары баспанасына тау асып, батпақ кешіп әрең жетіп жүр, деп хабарлады Almaty.tv.Ауыл маңына жаңа үлкен айналма жол түскелі байтөбеліктердің берекесі кеткен. Өйткені 6 жолақты республикалық тас жолда ауылға кіретін жолайрық салынбаған. Олардың айтуынша, үлкен тас жол елдімекенді қақ бөліп өтіп, Байтөбеге кіретін жол қалдырмаған.Мұндағы халық қалаға қатынап, нәпақа табады. Сондықтан айлықтың жартысы ауылды айналып өтіп келетін таксиге кетеді, ол аздай екі күннің бірінде көлік бұзылып жолда қалатын көрінеді.Ал сала мамандарының айтуынша, 16 елдімекенді басып өтетін үлкен Алматы жолында тек 10 шақырымдық арақашықтықта жолайрық жасалуға тиіс. Сәйкесінше, үлкенді-кішілі техникаға тосқауыл болатындай қауіп болмауы керегін айтады. Яғни бұрылысты кез келген жерге қоюға болмайды."Қала құрылысын реттеуге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар елді мекендер шегінде жол жиегін салуға тиісті қаржыны бөлу арқылы бекітілген жобасын іске асыру қажет. Кемертоғанға қарасты Байтөбе ауылына келетін болсақ, бұл ретте нормотивтік құжаттарға сәйкес, 1 А техникалық автомобилдер санатындағы жолдармен бір деңгейде қабысуға жол берілмейді", – деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің басқарма жетекшісі Жандос Игембаев.Жұртшылық Үлкен айналма жолы толық қолданысқа берілсе, қазіргі қара жолдан да құр қаламыз деп мұңын шақты. Ал аудандық әкімдік мәселе шешіледі дейді."Біз дереу шешім қабылдап, ауылға кіретін қосымша жолды қарастырып бердік. Қазір ол жолайрық 70 пайыз аяқталып қалды. Аталған жол құрылысын осы жылдың сәуір айында өткізуді жоспарлап отыр. Ол аяқталса, ауылға кіріп-шығу қиындық тудырмайды", – деді Қарасай ауданы әкімнің орынбасары Марлен Қасенов.Әзірге Байтөбеліктерге ауылға кіретін қосымша жол құрылысының аяқталуын күтуден басқа амал жоқ.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1059/24/10592423_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_36ea9c9c482d4c98525b68ec6057977d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, ауыл
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Байтөбе ауылының тұрғындары баспанасына тау асып, батпақ кешіп әрең жетіп жүр, деп хабарлады
Almaty.tv. Ауыл маңына жаңа үлкен айналма жол түскелі байтөбеліктердің берекесі кеткен. Өйткені 6 жолақты республикалық тас жолда ауылға кіретін жолайрық салынбаған. Олардың айтуынша, үлкен тас жол елдімекенді қақ бөліп өтіп, Байтөбеге кіретін жол қалдырмаған.
"Балаларымыз 3 мезгіл мектепке барады. "БАКАД жабылады" деп біз аралда қалдық. Учаскені сатқан кезде БАКАД түседі деген соң, халық қуанып алған. Әкімдікке айтсақ білмейтінін айтты. Олар жер сатылған кезде қалай білмеген? Құжатымыз бар", – деді ауыл тұрғыны Бүркіт Байдаулетов.
Мұндағы халық қалаға қатынап, нәпақа табады. Сондықтан айлықтың жартысы ауылды айналып өтіп келетін таксиге кетеді, ол аздай екі күннің бірінде көлік бұзылып жолда қалатын көрінеді.
Ал сала мамандарының айтуынша, 16 елдімекенді басып өтетін үлкен Алматы жолында тек 10 шақырымдық арақашықтықта жолайрық жасалуға тиіс. Сәйкесінше, үлкенді-кішілі техникаға тосқауыл болатындай қауіп болмауы керегін айтады. Яғни бұрылысты кез келген жерге қоюға болмайды.
"Қала құрылысын реттеуге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар елді мекендер шегінде жол жиегін салуға тиісті қаржыны бөлу арқылы бекітілген жобасын іске асыру қажет. Кемертоғанға қарасты Байтөбе ауылына келетін болсақ, бұл ретте нормотивтік құжаттарға сәйкес, 1 А техникалық автомобилдер санатындағы жолдармен бір деңгейде қабысуға жол берілмейді", – деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің басқарма жетекшісі Жандос Игембаев.
Жұртшылық Үлкен айналма жолы толық қолданысқа берілсе, қазіргі қара жолдан да құр қаламыз деп мұңын шақты. Ал аудандық әкімдік мәселе шешіледі дейді.
"Біз дереу шешім қабылдап, ауылға кіретін қосымша жолды қарастырып бердік. Қазір ол жолайрық 70 пайыз аяқталып қалды. Аталған жол құрылысын осы жылдың сәуір айында өткізуді жоспарлап отыр. Ол аяқталса, ауылға кіріп-шығу қиындық тудырмайды", – деді Қарасай ауданы әкімнің орынбасары Марлен Қасенов.
Әзірге Байтөбеліктерге ауылға кіретін қосымша жол құрылысының аяқталуын күтуден басқа амал жоқ.