https://sputnik.kz/20230302/zhastar-25-tik-mikrokredit-quzhat-qabyldau-bastaldy-32610834.html
Жастарға арналған 2,5%-тік микрокредитке құжат қабылдау басталды
Жастарға арналған 2,5%-тік микрокредитке құжат қабылдау басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Кеше, 1 наурыз кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру мақсатында жастарға жылдық 2,5% микрокредит беру үшін құжат қабылдау басталды... 02.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-02T08:59+0500
2023-03-02T08:59+0500
2023-03-02T08:59+0500
қоғам
жастар
кредит
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_937269750c76e02127da04f775abe495.jpg
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Кеше, 1 наурыз кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру мақсатында жастарға жылдық 2,5% микрокредит беру үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Биыл барлығы 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта микрокредит алуға өтінім мынадай өңірлерде – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында және Астана қаласында қабылданып жатыр. Қалған өңірлерде өтінім қабылдау жақын арада басталады.Жастар 5 млн теңгеге дейін шағын несие ала алады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-тен аспайды.Микрокредит 5 жылға беріледі, егер бизнес ауыл шаруашылығымен, мысалы мал өсірумен байланысты болса, 7 жылға дейін беріледі.Кепілдік қою міндетті саналады. Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлкі болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын) тартуға болады.Микрокредит алатындар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.Жастар өтінім беру үшін құжаттар пакетін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыруы қажет.Қажетті құжаттар тізімін министрліктің сайтынан көре аласыздар.Микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, комиссия отырыстарында үміткерлер өз бизнес-жобаларын таныстырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_524:0:2775:1688_1920x0_80_0_0_59e260f84ccf96484285465180775f67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, кредит
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Кеше, 1 наурыз кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру мақсатында жастарға жылдық 2,5% микрокредит беру үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биыл барлығы 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта микрокредит алуға өтінім мынадай өңірлерде – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында және Астана қаласында қабылданып жатыр. Қалған өңірлерде өтінім қабылдау жақын арада басталады.
"Микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың жасы "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-ға өтініммен жүгінген кезде ескеріледі", - деді еңбек министрлігіндегілер.
Жастар 5 млн теңгеге дейін шағын несие ала алады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-тен аспайды.
Микрокредит 5 жылға беріледі, егер бизнес ауыл шаруашылығымен, мысалы мал өсірумен байланысты болса, 7 жылға дейін беріледі.
Кепілдік қою міндетті саналады. Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлкі болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын) тартуға болады.
Микрокредит алатындар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Жастар өтінім беру үшін құжаттар пакетін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыруы қажет.
Қажетті құжаттар тізімін министрліктің
сайтынан көре аласыздар.
Микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, комиссия отырыстарында үміткерлер өз бизнес-жобаларын таныстырады.