https://sputnik.kz/20230301/shygys-qazaqstanda-kompaniya-uleskerlerden-zharty-milliard-tengeni-zansyz-zhinagan-32574519.html
Шығыс Қазақстанда компания үлескерлерден жарты миллиард теңгені заңсыз жинаған
Шығыс Қазақстанда компания үлескерлерден жарты миллиард теңгені заңсыз жинаған
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 наурыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында "Дейнека" фирмасы құрылыс талаптарын өрескел бұзған, деп хабарлады Аltaynews.kz. 01.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-01T10:59+0500
2023-03-01T10:59+0500
2023-03-01T10:59+0500
құрылыс
шығыс қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0f/14478727_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_ab8d233c3b29342d50db4057ba9b2da6.jpg
АЛМАТЫ, 1 наурыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында "Дейнека" фирмасы құрылыс талаптарын өрескел бұзған, деп хабарлады Аltaynews.kz."Дейнека" құрылыс компаниясы салынып бітпеген пәтерлер үшін үлескерлерден 497 миллион теңгені заңсыз жинаған. Бұнымен қоймай құрылыс талаптарын бұзған.Жоспар бойынша құрылыс салушы 9 қабатты үй салуға міндетті болған, алайда 9 қабаттың орнына 6 қабат тұрғын үй салған. Екі апта бұрын компания барлық ақшаны азаматтарға қайтаруға міндеттелді, бірақ құрылыс салушы үлескерлерді тағы да сан соқтырып кеткен.Мемлекеттік кірістер департаментіне бірнеше адам шағымданған. Олар төлеген қаражаттарының 10%-ын мердігер компания ұстап қалғанын айтқан."Тұрғындарға сәуір айына дейін ақшаны толығымен өтеуі керек. Әйтпесе, іс насырға шабады. Бұл мәселе әкімдік пен қадағалау органдарының бақылауында болады. Неліктен бұл компанияның инвесторлары әлі белгісіз, мен қала әкіміне осы ақпаратты анықтауды тапсырамын. Сондай-ақ бұл компанияда қаражат бар екендігін растауын тапсырамын", - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.Айта кету керек, қадағалау органдарына брондау шарттарын қолданған басқа компанияларды мұқият назарда ұстау тапсырылды.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0f/14478727_72:0:1207:851_1920x0_80_0_0_cb28b05c70727a50263eb74a903a3103.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс, шығыс қазақстан
Шығыс Қазақстанда компания үлескерлерден жарты миллиард теңгені заңсыз жинаған
АЛМАТЫ, 1 наурыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында "Дейнека" фирмасы құрылыс талаптарын өрескел бұзған, деп хабарлады
Аltaynews.kz. "Дейнека" құрылыс компаниясы салынып бітпеген пәтерлер үшін үлескерлерден 497 миллион теңгені заңсыз жинаған. Бұнымен қоймай құрылыс талаптарын бұзған.
Жоспар бойынша құрылыс салушы 9 қабатты үй салуға міндетті болған, алайда 9 қабаттың орнына 6 қабат тұрғын үй салған. Екі апта бұрын компания барлық ақшаны азаматтарға қайтаруға міндеттелді, бірақ құрылыс салушы үлескерлерді тағы да сан соқтырып кеткен.
Мемлекеттік кірістер департаментіне бірнеше адам шағымданған. Олар төлеген қаражаттарының 10%-ын мердігер компания ұстап қалғанын айтқан.
"Тұрғындарға сәуір айына дейін ақшаны толығымен өтеуі керек. Әйтпесе, іс насырға шабады. Бұл мәселе әкімдік пен қадағалау органдарының бақылауында болады. Неліктен бұл компанияның инвесторлары әлі белгісіз, мен қала әкіміне осы ақпаратты анықтауды тапсырамын. Сондай-ақ бұл компанияда қаражат бар екендігін растауын тапсырамын", - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Айта кету керек, қадағалау органдарына брондау шарттарын қолданған басқа компанияларды мұқият назарда ұстау тапсырылды.