https://sputnik.kz/20230130/pavlodar-men-ekibastuzga-zhana-avtobustar-zhetkizildi-31566616.html
Павлодар мен Екібастұзға жаңа автобустар жеткізілді
Павлодар мен Екібастұзға жаңа автобустар жеткізілді
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Павлодар мен Екібастұзға демалыс күндері Zhong TONG маркалы 10 жаңа автобус берілді. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов... 30.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-30T08:35+0600
2023-01-30T08:35+0600
2023-01-30T08:37+0600
автобус
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446303_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_80240d9c4aed4f9ed1d75d4b647c3e8d.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Павлодар мен Екібастұзға демалыс күндері Zhong TONG маркалы 10 жаңа автобус берілді. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов хабарлады.Олар екі қала арасында тең бөлінген.Бұл – 12 метрлік үш есікті автобустар. Жалпы сыйымдылығы – 85 адам, оның ішінде 24 орындық, 8 бейнекамерамен, климатты бақылаумен жабдықталған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы.Қоғамдық көліктерге валидаторлар орнату қажет. 5 ақпанға қарай оларды желіге шығару жоспарлануда.Екібастұзда 10 қоғамдық көліктің 8-ін ең көп сұранысқа ие №9 маршрут бойынша жіберу жоспарланып отыр, оның жұмысына көптеген шағым түседі. Жаңа автобустар жолға шыққаннан кейін қозғалыс аралығы 8-10 минутты құрайды.Ал 2 автобус №7 маршрутқа бекітіледі, босатылған техника басқа бағытқа бөлінеді. Бұл шаралар Екібастұз қоғамдық көлігінің жұмысын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.Тасымалдаушыға наурыз айының соңына дейін Екібастұзға тағы 10 заманауи төмен еденді автобус жеткізу міндеті жүктелді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446303_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_0798dde10ed9745e13e880cf45a6c0b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
автобус
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Павлодар мен Екібастұзға демалыс күндері Zhong TONG маркалы 10 жаңа автобус берілді. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов хабарлады.
Олар екі қала арасында тең бөлінген.
Бұл – 12 метрлік үш есікті автобустар. Жалпы сыйымдылығы – 85 адам, оның ішінде 24 орындық, 8 бейнекамерамен, климатты бақылаумен жабдықталған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы.
Қоғамдық көліктерге валидаторлар орнату қажет. 5 ақпанға қарай оларды желіге шығару жоспарлануда.
"Біз жаңа автобустарды көп шағым түскен №111 маршрут бойынша жіберуді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде қозғалыс аралығы 15 минутты құрайды", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Екібастұзда 10 қоғамдық көліктің 8-ін ең көп сұранысқа ие №9 маршрут бойынша жіберу жоспарланып отыр, оның жұмысына көптеген шағым түседі. Жаңа автобустар жолға шыққаннан кейін қозғалыс аралығы 8-10 минутты құрайды.
Ал 2 автобус №7 маршрутқа бекітіледі, босатылған техника басқа бағытқа бөлінеді. Бұл шаралар Екібастұз қоғамдық көлігінің жұмысын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Тасымалдаушыға наурыз айының соңына дейін Екібастұзға тағы 10 заманауи төмен еденді автобус жеткізу міндеті жүктелді.