https://sputnik.kz/20230116/almatyda-7-turgyn-uy-zhylusyz-qaldy-31146653.html
Алматыда 7 тұрғын үй жылусыз қалды
Алматыда 7 тұрғын үй жылусыз қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Алматыда жылу құбыры жарылып, "Жайлы" тұрғын үй кешенінде 7 көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 16.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-16T11:56+0500
2023-01-16T11:56+0500
2023-01-16T11:56+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15182596_0:86:3339:1964_1920x0_80_0_0_fffe38d778c6e26298fcfcfee1c7f28c.jpg
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Алматыда жылу құбыры жарылып, "Жайлы" тұрғын үй кешенінде 7 көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.16 қаңтарға қараған түні сағат 01:30-да су құбыры жарылып, 12, 13 және 15 қабатты 7 тұрғын үй жылусыз қалды.Тұрғын үй кешені 2006 жылы пайдалануға берілген. Алайда кешеннің әу бастан проблемасы шаш етектен болған. Тұрғындардың айтуынша, сапасыз құрылыстың ақауы әлі күнге жойылып келеді."Түнде ыстық су құбыры жарылды. Жылу жүйелерінің мамандары ақауды қалпына келтірді. Ыстық су құбыры жөнделіп, таңғы сағат 9:30 шамасында тұрғын үйлерге жылу мен ыстық су берілді", - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.Айта кетері, бұл тұрғын үй кешенінде 300-ден астам адам тұрады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15182596_304:0:3035:2048_1920x0_80_0_0_7ff088436d2b3b0ff969bb0f27d7defa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматыда 7 тұрғын үй жылусыз қалды
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Алматыда жылу құбыры жарылып, "Жайлы" тұрғын үй кешенінде 7 көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
16 қаңтарға қараған түні сағат 01:30-да су құбыры жарылып, 12, 13 және 15 қабатты 7 тұрғын үй жылусыз қалды.
"Түнде су құбыры жарылып, бәріміз апыл-ғұпыл киініп, далаға шықтық. Ауланы ыстық су басып кеткен. Жылу жүйелерінің мамандары келіп, жасады. Ал тұрғын үй кешеніне жауапты "Серт" мердігер компаниясы өтінішімізді тыңдаған да жоқ", - дейді Салтанат Әбуова.
Тұрғын үй кешені 2006 жылы пайдалануға берілген. Алайда кешеннің әу бастан проблемасы шаш етектен болған. Тұрғындардың айтуынша, сапасыз құрылыстың ақауы әлі күнге жойылып келеді.
"Түнде ыстық су құбыры жарылды. Жылу жүйелерінің мамандары ақауды қалпына келтірді. Ыстық су құбыры жөнделіп, таңғы сағат 9:30 шамасында тұрғын үйлерге жылу мен ыстық су берілді", - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетері, бұл тұрғын үй кешенінде 300-ден астам адам тұрады.