Қостанайда 30 үй, мектеп пен әуежай жылусыз қалды

© Photo : riРадиатор
Радиатор  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Қостанайда жылу жүйесінде болған апат салдарынан 30 үй, мектеп пен әуежай жылусыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде 2 164 абонент жылусыз отыр. Қала әкімдігі Герасимов көшесінде жердің астымен өтетін Д 400 мм құбырдың жарылғанын растады. Таңғы сағат 9:00-де жөндеу жұмыстары басталды. Оны кешкі 20:00 мен 24:00-дің аралығында аяқтау жоспарланып отыр. Сол кезде жылу беріледі.
Ресми мәліметке сәйкес, 30 үйде, мектеп пен әуежайда жылу жоқ. Олар:
Герасимов көшесі, 2Б, 7, 8, 9, 10, 12;
Әуежай шағын ауданы 6, 7, 8, 9, 10, 12, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 26, 28, 29, 30, 32, 33, 35, 35А,38, 39, 45;
Әуежай көшесві 1 (шағын отбасыларға арналған үй); 29 орта мектеп;
"Қостанай" халықаралық әуежайдың ғимараты.
Бұдан бөлек, бүгін таңертең Уральская көшесіндегі Д 108 мм құбыры жарылған. Соның салдарынан 23 тұрғын үй жылусыз қалды. Жөндеу жұмыстары кешкі 18:00-ге дейін аяқталады деген жоспар бар.
Жаңалықтар
0